Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасы – Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

Кафедрамыздың үлкен мақтанышы – түлектеріміз. Кафедра түлектерінің есімдері Ақтөбе облысынан тыс жерлерге де жақсы таныс. Олардың ішінде белгілі саясатшылар мен өнер саласының қайраткерлері, ұлттық компаниялар мен департаменттердің жетекшілері, облыс және қалалық әкімшілікте басшылық қызметте жұмыс жасайтын тұлғалар, ғылым докторлары мен кандидаттары, аудандық білім бөлімі мен  әртүрлі деңгейдегі мектептердің директорлары көптеп саналады.  Атап айтсақ, с.ғ.д., профессор, ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық орталықтың директоры Машан Мейіржан Серікұлы, «Қазақстан РТРК» АҚ басқармасының төрағасы Карин Ерлан Тынымбайұлы, ҚР инвестиция және туризм министрлігінің туризм индустриясы Департаментінің директоры Игалиев Марат, Алматы қаласыәкімі аппаратының жетекшісі, с.ғ.к. Мурзалин Жанболат Ахатұлы, Орск гуманитарлық-технологиялық университетінің (Ресей) тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Ткачев Виталий Васильевич, Республикамыздың батыс аймағы бойынша Археологиялық орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Бисембаев Арман Ауғанұлы,облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Дүйсенғали, облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Арман Ержанов   және т.б. бар. Біздің ең үздік түлектеріміз Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ” Халықаралық стипендиясының иегерлері атанып, ТМД және Еуропа елдерінің ең үздік ЖОО-рының магистратура және докторантураларының толық бағдарламаларын игеруде.

Еңбек нарығындағы қажеттілікке байланысты біздің түлектеріміздің 70-75 %-і жұмыспен қамтылады. Біздің түлектеріміздің басым бөлігі гимназия, колледж, лицей және т.б. білім беру ұйымдары мен арнайы кәсіби мекемелерден кәсіптік тәжірибеден өту мен жұмысқа орналасуға шақыртулар алады.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы