Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасы – Жетістіктер

Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Жетістіктер

Кафедра Қазақстан және ТМД-ның жетекші ғылыми орталықтарымен және жоғарғы оқу орындарымен байланыстар орнатты. Атап айтқанда, Ресей Ғылым Академиясы тарих институты, Ресей Ғылым Академиясы Шығыстану институты, А.С. Пушкин ат. Ленинград мемлекеттік университеті, ҚР ҰҒА Ш.Уәлиханов ат. тарих және этнология институты, Әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық университеті, Абай ат. Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, М.Өтемісов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Х.Досмұхамедов ат. Атырау мемлекеттік университеті және т.б.

Кафедраның шетел ғалымдарымен оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми бағыттағы байланыстары ойдағыдай жолға қойылған деп айтуға болады. Атап айтқанда, венгерлік ғалымдар А.Биро және М.Добровичтер (2011 ж.), Ливерпуль университетінің ғалымы А.Мориссон (2012 ж.),, жапониялық ғалым К.Мацузато мен гонконгтық ғалым Н.Пиончолли (2013 ж.), Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы А.И.Кубышкин (2014ж.), американдық ғалым К.Рис (2017 ж.), француз ғалымы В.Фурнио (2018 ж.) студенттер мен магистранттар алдында арнаулы курстар бойынша  дәрістер оқыды және осы шара жалғасып келеді.

Кафедра мүшелері (Ізбасарова Г.Б., ПеревезенцевА.Л., МедеубаевЕ.И.) халықаралық грант иегерлері атанып, шетелдерде (АҚШ, Жапония, Түркия, РФ.,т.б.) ғылыми іс-сапарларда болып қайтты.

Кафедраның екі оқытушысы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын иеленді (т.ғ.д. профессор Т.С.Жұмағанбетов – 2008 жылы,  т.ғ.к.,доцент Г.Б.Ізбасарова – 2012 жылы).

Кафедра ұжымы университет қабырғасында ұйымдастырылған «ХҮІІІ-ХХ ғ.басындағы Қазақстанның шектес елдермен қарым-қатынасы: проблеманың қазіргі күйі және болашағы» (2004 ж.), «КСРО аймағындағы түрік-мұсылман халықтарын заман талабына сай бейімдеудің тарихи тәжірибелері» (2008 ж.) және т.б. халықаралық ғылыми-теориялық конференциялардың өткізілуіне тікелей ат салысты.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Р.А.Бекназаров ҚР БҒМ Ғылым комитетінің тапсырысы және қаржыландыруымен ғылыми-зерттеу жобаларына қатысып келеді.

Кафедра мүшелері Ұ.Ш.Исмагулов, Р.А.Бекназаров, Г.Б.Ізбасарова, Е.И.Медеубаев, А.Маден және т.б. түрлі ғылыми жобаларға қатысып, «Батыс Қазақстан тарихы» (2006ж)., «Ақтөбе облысының тарихы», жекелей Мартөк, Темір, Алға және т.б. аудандардың тарихы секілді еңбектердің жазылуына ат салысты.

Кафедра 6М020300-Тарих, 6Д020300-тарих мамандығының магистранттары мен докторанттарына сабақ жүргізуіне байланысты шетел жоғарғы оқу орындарымен ( Түркия, АҚШ, РФ Орынбор, Саратов, Санкт-Петербург, Қырғызстан,т.б.) магистранттарды ғылыми іс-тәжірибеден өткізу бағытындағы келісім-шарттар жасасты.

2019 жылдың 25 қаңтар күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінің кезекті отырысында «Ғылым және инновациялар жөніндегі» проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бекназаров Рахым Ағыбайұлы — ҚР БжҒМ «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі» үшін төсбелгісімен және «Отан тарихы және тарихи пәндер» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, доцент Исмағұлов Ұзақбай Шаукерұлы — ҚР БжҒМ Құрмет грамотасымен марапатталды.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы