География және туризм кафедрасы – Кафедра тарихы

География және туризм кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

Тарих факультетінің   география кафедрасы   2018 жылы «География және туризм» кафедрасы болып атауын  өзгерді  (03.01.2018ж.).  Кафедра 6В01506-«География»   ( 2004 жылдан ),  6В11101-«Туризм» (2010 жылдан), 6B01511-«География-тарих» (2017 жылдан), 7М01506-География (2019 жылдан) мамандықтарын дайындайды.

Профессор М.А. Арыновтың қолдауымен 1990 жылы Ақтөбе педагогикалық институты «Жалпы тарих және география» кафедрасының негізінде 030640 «Тарих және география» мамандығы ашылды. 1995 жылы 030640 «Тарих және география» мамандығының бірінші түлектері шығарылды.

2004 жылы алғаш рет өз алдына «География» мамандығының ашылуына байланысты «тарихты оқыту әдістемесі және география» кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі болып география ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Т. Кубесова тағайындалды.

2010 жылы 6В11101-«Туризм», 2017ж., 6B01511-«География – тарих» мамандықтары ашылды. 2021 жылы 6В05203 «Ландшафттық жобалау» инновациялық ББ ашылды, ал 2022-2023 оқу жылында 25 студент мемлекттік грант негізінде оқуға қабылданды.

Қазіргі таңда кафедрада 4 ғылым кандидаты,2  PhD ,6 магистр және 2 аға оқытушы қызмет етеді.

Кафедра ПОҚ-ның сапалық құрамы 50%. Ғылыми атағы бар ПОҚ-тың орташа жасы 40 жас.

2014-2017 жылдары кафедрада геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, доцент Зейнулла Елеуович Болекбаев қызмет етті.

География және туризм кафедрасының ПОҚ – ы

2018 жылдан бастап 01.02.2022 ж дейін  кафедра меңгерушісі қызметін т.ғ.к. А.Ж.Әбденов атақарды.

01.02.2022ж бастап  07.10.2023 ж дейін  кафедра меңгерушісі қызметін PhD, аға оқытушы Абдуллина А.Г.атқарды

С 09.10.20232022ж бастап   кафедра меңгерушісі міндетін аға оқытушы, магистр Исмаилова М.М. атқарады

Кафедраның профессор- оқытушылар құрамы:

Исмаилова Маржан Маратхановна- кафедра меңгерушісі міндетін атқарушы география ғылымдарының магистрі, аға оқытушы;

Абдуллина Ақжүніс Гафуровна- -PhD, аға оқытушы;

Кубесова Гулнар Тынышбаевна- география ғылымдарының кандидаты, доцент;

Сергеева Айгул Максатовна- қауымдастырылған профессор (доцент)., г.ғ.к.

Сулейменова Гульжанат Жалеловна- тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;

Аскарова Гульнаш Кибашевна- PhD;аға оқытушы

Айдарова Акмарал Зияшевна- аға оқытушы;

Айгужина Сания Урингалиевна- аға оқытушы;

Әбденов Айдын Жақсанұлы- тарих ғылымдарының кандидаты, доцент;

Шумакова Гулнур Жасулановна- педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы;

Нургазина Айжаркын Султанбековна- туризм магистрі, аға оқытушы;

Өмірзақова Мирослава Жамбылқызы- география мамандығы бойынша педагогика магистрі, оқытушы;

Хамит Алтынбек Бакытжанұлы – география ғылымдарының   магистрі , оқытушы;

Ақтөбе облысында 2018 жылдың 25-29 маусым аралығында «Хан қорық» халықаралық Жастар фестивалі өткізіліп, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның 17 ЖОО-нан командалар келіп, жалпы саны 130 адам қатысты. Фестиваль барысында Қобда, Ойыл және Алға ауданының табиғи, тарихи-мәдени мұраларын аралады.

2018-2019 оқу жылдың 30.09.-18.10.2018 жж. аралығында Германияның SES эксперті Герд Риттхалер туризм мамандығы студенттеріне дәріс оқыды, семинарлар мен мастер класстар өткізді және профессор-оқытушылар құрамына іс-тәжірибесімен бөлісті.

2018 жылы кафедраға жас оқытушы, магистр Б.Умирбаев қабылданды.

2017-2018 оқу жылында Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «Туризм» мамандығының 2 курс студенттері А.Альбекова, А.Жалгасова Польшаның Быдгощ қаласындағы Экономика университетінде білім алса, 2018-2019 жылдың 2-ші жарты жылдығында «Туризм» мамандығының 2 және 3 курс студенттері Д.Жоламан, А.Болатова, А.Маркабаева Түркияның Кастамону қаласында білім алды.

2020 жылы география ғылымдарының магистрі А.Г. Абдуллина 8D01506 – «География» мамандығы бойынша Л.Гумилев атындағы  ЕҰУ докторантураны мақсатты грант негізінде бітіріп, кафедраға қайта жұмысқа қабылданды.

2019 жылы 7М01506 – «География» ББ бойынша магистратура ашылды. 2020-2021 оқу жылында аталған мамандықта мемлекеттік тапсырыс негізінде алғашқы магистранттар білім алуда.

2022 жылы география  магистрі М.Ж. Өмірзақова 8D01506 – «География» мамандығы бойынша Л.Гумилева ат. ЕҰУ PhD докторантураға түсті. 2022 жылы  педагогика  магистрі, аға оқытушы  Шумакова Г.Ж., ал  2023 году магистр Семинар Е. 8D01515-«География» ББ бойынша Абай ат.ҚазҰПУ докторантураға түсті

01.09.2021 жылы   кафедраға «Туризм» мамандығы бойынша PhD Аскарова Г.К.қабылданды, ал  2022 жылы  «География» мамандығы бойынша  педагогика ғылымдар магистрі Хамит А.Б қабылданды

Пандемия кезінде оқу процесін дистанционды форматта ұйымдастыруға байланысты кафедра оқытушылары арнайы IT курстардан өтіп, сертификатталды және қазіргі таңда қосымша курстардан өтуде

2020 жылы «География және туризм» кафедрасының 6В11101 – «Туризм» ББ оқытушылары Қазақстанның Жаңа кәсіптер Атласы жобасы аясында ұйымдастырылған «Туристік саланың жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласы » тақырыбындағы форсайт – сессияға қатысып, шеберліктерін шыңдады.

Сонымен қатар, 05.10.2020 – 17.10.2020 аралығында аталған ББ оқытушылары Айдарова А.З., Өмірзақова М.Ж. Қазақстан туристік ассоциациясы ұйымдастырған «Қазақстандағы турфирма менеджерінің практикалық дағдылары» тақырыбындағы курсты сәтті аяқтады.

2020 жылдың 20 қыркүйегінде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қабырғасында экономика факультетінің “Туризм” кафедрасының ұйымдастыруымен 6В11101 – «Туризм» мамандығы бойынша ХІІ Республикалық студенттік пәндік Олимпиада өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша университетіміздің 6В11101 – «Туризм» мамандығының командасы «Ең креативті жоба» номинациясымен марапатталды. 2022 жылы ЕҰУ базасында да. Л.Н. Гумилев 6В11101 – «Туризм» мамандығы бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиададан өтті, онда біздің студенттер жоғары нәтиже көрсетті: жеке сайыста (Мәди Сейілжанов, Қайзуллин Азамат) – 1 және 2 орын, жоба қорғау – 3 орын, 2 орын командалық жарыс.

2023 жылдың 27-28 сәуірінде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университетінде «Туризм» мамандығы бойынша студенттердің XV Республикалық пәндік олимпиадасы өтті, онда біздің студенттер жақсы нәтиже көрсетіп, командалық есепте 3 орынды жеңіп алды.

2023 жылдың 25 сәуірі мен 26 сәуірі аралығында Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің базасында ГОП 6B014-География мұғалімдерін даярлау бойынша XV Республикалық студенттік олимпиада өтті, онда біздің студенттер (Балғабеков Айдын, Байбаков Мадияр) жалпы командалық 2 орынға ие болды.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің деректері бойынша «ҚР ЖОО – ның Ұлттық сұранысқа ие рейтингісі – 2020» Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ университетінің 6В01506 – География ББ Қазақстан ЖОО арасында 1-орынға ие болды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша география және туризм кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Сергеева Айгүл Мақсатқызы 2022 жылдың «Үздік ЖОО оқытушысы» атағына ие болды.

2023 жылы география және туризм кафедрасының профессоры, г.ғ.к. Сергеева А.М. және кафедра оқытушысы Хамит А.Б. 6В05203 «Ландшафтық жобалау»  ББ мамандығының студенттері гранттық жобаға қатысты, онда « Sustainablity Living Lab » Теңіз Шевронның қаржыландыруымен 1 300 000 сомаға грант ұтып алды. Жобаның мақсаты: студенттер кампусының сыртқы келбеті келбетті болуы үшін студенттерге демалыс аймағын жасау.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы