География және туризм кафедрасы – Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

География және туризм кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

Кафедраның түлектері  кәсіби қызметтерін білім беру саласында, оның ішінде орта мектептерде география пәнінің мұғалімі, облыстық планетарийдің әдіскері, қалалық жас туристер станциясында, метеостанцияларда маман ретінде т.б. қызметтер атқара алады.

«Туризм» мамандығының  түлектері туризм, ғылым, мәдени, басқарма т.б. салаларда еңбек ете алады.

2017-2018 оқу жылын “6В01506-География” мамандығы бойынша барлығы 22 студент бітірді. Мамандығы бойынша түлектердің 81 % жұмысқа орналасқан, қалғандары басқа салада жұмыс жасауда.  Серпінмен бітірген студентер 100 пайыз жұмыспен қамтылған. Ал “6В11101-Туризм” мамандығы бойынша 17 студент бітірді, оның 63% жұмысқа орналасса, қалғандары магистратурада білім алуда және отбасын құрған.

2018-2019 оқу жылында “6В01506 – География” ББ бойынша барлығы 36 студент бітірді, мамандығы бойынша түлектердің 89 % жұмысқа орналасқан, қалғандары басқа салада жұмыс жасауда. Ал “6В11101-Туризм” ББ бойынша 16 студент бітірді, оның 75% жұмысқа орналасса, қалғандары магистратурада білім алуда және отбасын құрған.

2019-2020 оқу жылында “6В01506 – География” мамандығы бойынша барлығы 26 студент бітірді, мамандығы бойынша түлектердің 88 % жұмысқа орналасқан, қалғандары басқа салада жұмыс жасауда. Ал “6В11101-Туризм” мамандығы бойынша 9 студент бітірді, оның 75% жұмысқа орналасса, қалғандары магистратурада білім алуда және отбасын құрған.

Коворкинг орталығының ашылуы

Тарих факультетінің ұжымы  2019 оқу жылының аяғында жоспарланған іс-шаралардың  тағы бір маңызды тізбегін жүзеге асырды.

27 желтоқсанда тарих факультетінде орын алған  маңызды оқиғалардың бірі – білім мен ғылымның, тәрбие ісінің дамуына ерекше бағыт беретін төрт нысанның ашылуы. Олар: Археология,этнография ғылыми-зерттеу орталығы, Өлкетану орталығы, ІТ кабинет және «History Place» коворкинг алаңы. Аталған нысандардың ашылуына университет басшылығы, факультет ұжымы, студенттер мен магистранттар және Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің  басшылары мен қызметкерлері қатысты. Коворкинг алаңының ашылуына факультет түлектері демеушілік жасады.

Ауған соғысы ардагерлеріне арналған оқу кабинетінің ашылуы

23 ақпан күні Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына 30 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлері құрметіне арналған оқу кабинетін ашу шарасы өткізілді. Кабинет толығымен университет түлегі М.Койлыбаев демеушілігімен жабдықталды.
Салтанатты шараға Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев, қала әкімі І.Испанов, облыс және қала әкімдігі, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, Қазақстан халықтар Ассамблеясының өкілдері, БАҚ өкілдері, оқытушылар мен студенттер жиналды.

2020 жылы 22 сәуірде  “География және туризм” кафедрасының ұйымдастыруымен Қ. Жұбанов атындағы АӨУ құрылғанына 85 жыл толуына орай «Біздің түлектер-біздің мақтанышымыз!» тақырыбында университеттің “География” мамандығының 2009 жылғы түлегі, «Үздік педагог-2019» Республикалық байқауы жеңімпазы, «Әлем мұғалімі» байқауының номинанты Гүлсім Надировамен онлайн кездесу өттi. Кездесу барысында  Гүлсім Надирова  мерейтоймен құттықтап, ұстаздарына алғысын білдірді және студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

2021 жылы Республикалық “Жас Отан” жастар қанатының төрағасының орынбасары қызметіне  «География” мамандығының 2014 жылғы түлегі – Асылжан Бүркіталин сайланды. Асылжан Бүркіталин жауапты қызметке өз еңбегінің нәтижесінде жетті. Университетті “География” мамандығы бойынша бітіріп шыққаннан кейін, өзінің еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы 8-ші орта мектеп және дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінде мұғалім ретінде бастады. 2014-2015 жылдарда Қазақстан-Ақтөбе және Нұр телеарналарында нәтижелі қызмет етті. 2016-2021 жылдардың аралығында “Жас Отан” жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы болды. 2021 жылы “Жас Отан” жастар қанатының төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2020 жылы факультеттің 1992-1996 жылғы түлегі Ерлан Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Ерлан Қарин университетті бітіргеннен кейін Ақтөбе қаласындағы N33 орта мектепте тарих және география пәнінің мұғалімі, 1999 жылдан бастап Қ. Жұбанов атындағы АӨУ-де оқытушылық қызмет атқарды.

1998-2000 жылдары Қазақстанның Даму институты Саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Ресей және Қытай институты директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2000-2003 жылдары – Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры.

2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі.

2003-2004 жылдары – «Асар» республикалық партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Халықаралық заманауи саясат институтының бас директоры.

2004-2006 жылдары Терроризмге қарсы бағдарламалар орталығын басқарды.

2006 жылы Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.

2008 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Ерлан Қарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

2008 жылдың қараша айында «Нұр Отан» ХДП төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен «Нұр Отан» ХДП-ның стратегиялық даму жөніндегі хатшысы болып тағайындалды. 2013 жылдың тамыз айында «Нұр Отан» ХДП-ның хатшысы қызметінен шетелдік тағылымдамадан өтуіне байланысты кеткен.

2013 жылдың желтоқсаны – 2014 жылдың мамыры – Вашингтондағы Америка университетінің (АҚШ) шақырылған профессоры.

2014 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды

2017 жылдың 9 ақпанында «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

2019 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

2020 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы