География және туризм кафедрасы – Материалдық-техникалық база

География және туризм кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Материалдық-техникалық база

6В01506 – «География», 6В11101 – «Туризм», 6В01511 – «География – тарих», 6В05203 – «Ландшафтық жобалау», 7М01506 – «География» ББ бойынша студенттердің оқу үрдісі факультеттің арнайы кабинеттері мен дәрісханаларында ұйымдастырылған. Тарих факультеті барлық қажетті материалдармен, дербес компьютерлермен, сондай-ақ интерактивті тақталармен жабдықталған. Сонымен қатар, мамандық студенттері факультет медиатекасында орналасқан оқу, көркем және анықтамалық әдебиеттерге қол жеткізе алады.

«Зере тур» ЖШС, облыстық тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау инспекциясы, қалалық жас туристер станциясы және т.б. келісім жасалды.

Бакалаврларды сапалы дайындау үшін кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жыл сайын оқу-әдістемелік құжаттаманы: жұмыс бағдарламаларын, силлабустарды, қысқаша дәріс конспектісін, практикалық (семинар) сабақтарға арналған әдістемелік нұсқауларды, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлейді және жаңартады. Практикаға қажетті құрал-жабдықтар (компастар, глобустар, рюкзактар, шатырлар, минералдар мен тау жыныстарының коллекциялары, қабырға карталары және т.б.) бар.

Кафедраның 2017 жылғы жетістіктерін ескере отырып, кафедраға 1 компьютер берілді (желтоқсан, 2017 ж.).

2018-2019 оқу жылында №201, 202, 211, 307 кабинеттер күрделі жөндеуден өтіп, интерактивті тақта және компьютерлермен жабдықталды.

Факультетте оқу процесі жақсы материалдық- техникалық базамен қамтамасыз етілген: 3 компьютерлік класс, 1 мобилді компьютер классы. Барлығы 38 оқу аудиторияларының 23-і мамандандырылған арнайы кабинеттер болып табылады. Оқу аудиторияларының 70%-ы интерактивті тақтамен жабдықталған.

2020-2021 оқу жылында «Туризм» кабинеті жабдықталды. Кабинет интерактивті тақта, ArGis бағдарламасымен қамтылған ноутбуктер мен туризмнің белсенді  түрлеріне қажетті жеке турист құрал жабдықтары, заманауи виртуальды туризм ұйымдастыруға қажетті құрал – жабдықтармен жасақталған.

Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне арналған оқу кабинеті

Экономикалық география кабинеті

Факультетте оқу процесі жақсы материалдық- техникалық базамен қамтамасыз етілген: 3 компьютерлік класс, 1 мобилді компьютер классы. Барлығы 38 оқу аудиторияларының 23-і мамандандырылған арнайы кабинеттер болып табылады. Оқу аудиторияларының 70%-ы интерактивті тақтамен жабдықталған.

Университетіміздегі IT апталығы аясында 03.12.2020 күні  Тарих факультетінің  География және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен «Инновациялық туризм» кабинетінің ашылу салтанаты өтті.

Кабинеттің ашылу салтанатына университет ректоры Бауыржан Аманкелдіұлы және әкімшілік өкілдері, Жоғарғы колледж директоры, «ЗереТур» туристік фирмасы директоры, «Қалалық жас туристер» стансасы әдіскері, кітапхана меңгерушісі, факультет ПОҚ, студенттер және магистранттар қатысты.

Аталған іс -шарада  «Заманауи технология және туризм» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинар 3 бағыттағы тақырыпты қамтыды:

– бірінші бағыты –  «Интерактивті панель туристік білім беру үрдісінде». Бұл тақырып бойынша кабинет үшін жасақталған панельдің мүмкіндіктері ( смарт – тақта, таймер, спиннер, виртуальды турлар көрсету т.б.) ашып көрсетілді.

– ArcGis Desktop 10.8 бағдарламасын туристік маршруттарды сызуда қолдану бойынша 7М01506 «География» ББ 1 курс магистранттары геоақпараттық жүйелерді туризм саласында тиімді пайдалану мүмкіндіктерін облыстың туристік орындарын картада түсіру мысалында көрсетті;

– бағдарламаға сәйкес  «белсенді туризм және туристік құралдар»  тақырыбында  кафедра филиалы  «Қалалық жас туристер» стансасының әдіскері мен 6В11101 – «Туризм» ББ студенттері бірлескен шеберлік – класс өткізді.

Шара аясында оқулықтар мен әдістемелік құралдар көрмесі ұйымдастырылды. Аталмыш салтанатты рәсім білім бағдарламасы студенттерінің тамаша күйімен көркемделді.

2023-24 оқу жылында 6В05203-Ландшафтық жобалау , 6В01506-География, 6В11101-Туризм ББ бойынша дәріс және практикалық сабақтар өткізу үшін «Картография және ГАЖ» кабинеті жабдықталды. Кабинет компьютерлермен, интерактивті панельмен, оптикалық деңгеймен жабдықталған және барлық компьютерлер ArcGis лицензиялық бағдарламасына қосылған.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы