География және туризм кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі

География және туризм кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Оқу және ғылыми қызметі

Студенттерді даярлауда типтік, модульдік оқу жоспарымен жүзеге асады. Пәндердің типтік оқу бағдарламамен қамтылуы 100%-ды құрайды. Оқу процесі барысында оқытудың түрлі жаңа әдістемелері, заманауи әдебиеттер, интерактивті тақтамен жабдықталған дәрісханалар (экскурсиятану, халықаралық туризм географиясы, картография, экономикалық география, Ақтөбе облысы географиясы және т.б.).

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен жүргізілген біліктілігін арттыру курсынан 2014-2017 жылдары кафедраның оқытушылары А.Ж. Абденов, А.З.Айдарова, С.У. Айгужина, А.Г.  Абдуллина, Г.Ж. Сүлейменова өтті.

Кембридждік университеттің деңгейлік курсынан 2017-2018 жылы Сергеева А.М., Мерхайдарова Н.Н., Нургазина А.С. өтті

2017 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Инновациялық Орталығы ұйымдастырған «Интерактивті формадағы үздік ашық сабақ» атты байқауына кафедраның аға оқытушысы, т.ғ.к.  Г.Ж. Сүлейменова қатысты.

Кафедра доценті, п.ғ.к. Мерхайдарова Н.Н. 12.06.-31.08.2017 жыл аралығында «Педагогика мамандығының оқытушыларына шетел тілін оқыту» курсынан өтті.

Кафедраның оқытушылары С.У.Айгужина, М.М. Исмаилова, Г.Ж,Сулейменова т.б Индиана Шығыс Университетінің профессоры К.М.Рис «Качественные методы исследования» тақырыбында өткізген халықаралық семинарға қатысты.

2018 жылдың 15 қаңтарында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы өткізілген «Жаңартылған бағдарлама: тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы оқыту семинарына кафедра оқытушылары Мерхайдарова Н.Н., Семинар Е., Исмаилова М.М. қатысты.

Студенттердің шығармашылық белсенділігін және оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында кафедра оқытушылары оқытудың түрлі заманауи әдістемелерін өз сабақтарында пайдаланады.

 

Студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту және педагогикалық шеберлік деңгейін көтеру мақсатында кафедра оқытушылары өз сабақтарында заманауи оқытудың түрлі әдістерін қолданады. Атап айтқанда, оқушыларды қоршаған ортада еркін бағдарлауға үйретуге арналған коммуникативті әдіс қолданылады. Көбінесе практикалық және семинар сабақтарында бірлескен оқыту элементтері (жұптық, шағын және үлкен топтарда жұмыс), сонымен қатар кейс-стадилер, жобалармен жұмыс, Блум таксономиясы сияқты интерактивті әдістер қолданылады.

6В11101-«Туризм», 6В01506-«География», 6В01511-География-тарих білім бағдарламалары  бойынша кафедраның тәжірибе базаларымен келісім жасалды:

Қалалық жас туристер станциясы  (2017 ж. )

Ойыл ауданындағы Екпетал негізгі мектебі- (2017 ж. )

««Новый» орта мектебі», 2018 ж.

«№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі», 2019 ж.

«№69 жалпы білім беретін орта мектебі», 2019 ж.

«Зере-Тур ЖШС», 2019.

Халықаралық ынтымақтастық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 2-18 қазаны аралығында Германияның  Senior Experten Service GmbH (SES) аға эксперті Герд Риттхалер өткізген «Туризмді оқыту мен басқарудың әлемдік тәжірибесі» атты халықаралық семинар өтті, оған кафедраның барлық оқытушылары қатысып, өз біліктіліктерін жетілдірді.

2018 жылдың 26-30 қарашасы аралығында «Оқыту үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану: әдістері мен тиімділігі» атты университетішілік әдістемелік апталықта «Үздік әдістемелік консилиум» өткізгені үшін және де 2019 жылдың 23 қаңтарында өткізілген университетішілік «Әдістемелік жобалар-2019» байқауына қатысып «Жаңашыл оқытушы» номинациясымен магистр Г.Ж.Шумакова марапатталды.

«Туризм» білім бағдарламасының студенттеріне  М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің рекреациялық география және туризм кафедрасының доценті, география ғылымдарының кандидаты Н.В.Шабалина дәріс оқыды.

Қалалық Жас туристер станциясында Туризм білім беру бағдарламасының студенттері үшін “Туристік-өлкетану жұмысының негіздері” пәні бойынша дуалды оқыту бойынша кезекті сабақ өткізілді. “География және Туризм” кафедрасы және станцияның бірлескен жұмысы нәтижесінде студенттер алған практикалық дағдылар туристік қызмет бойынша, атап айтқанда өлкетану жұмыстарын жүргізу бойынша білім мен іскерлікті қарқынды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ оқу -əдістемелік үрдісіне енгізілген дуальды оқыту жүйесі кəзіргі таңда көптеген мамандықтар бойынша студенттердің алып жатқан теориялық білімдерін тəжірибемен жетілдіруде маңыздануда. 27 қарашада университете жоспарланған ” Оқыту процессіне енгізілген дуальды оқыту жүйесі элементтерін қолданудың тəжірибесінен” тақырыбындағы əдістемелік апталық аясында Туризм мамандығының 2 курс студенттеріне “Туристік өлкетану негіздері” пəнінен “Туризмдегі қауіпсіздік” тақырыбында шебер класты География жəне туризм кафедрасы Қалалық жас Туристер стансасымен бірігіп өткізді. Кафедра аға оқытушылары С.Айгужина мен Г.Сулейменова жəне станса əдіскер – инструкторы Н. Шүренбаев студенттерге тақырып бойынша əдістемелік кеңестер берді.

Сондай-ақ, тәжірибе базаларымен бірге «Қасқыр сарқырамасына», Қарғалы су қоймасына және т.б экскурсиялар ұйымдастырылды.

28-қараша 2019 жылы География және nуризм кафедрасының оқытушылары Г.Ж .Сулейменова., Г.Ж. Шумакова, Е.Семинардың ұйымдастырумен факультет тәрбие жұмыс жоспарына сай «Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киең» атты дөңгелек үстел жатақхана студенттеріне өткізілді. Аталған дөңгелек үстелге «Ер-Бақыт» спорттық – патриоттық клубы, қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ауған соғысының ардагері М.А.Қойлыбаев, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтану кафедрасының докторанты О. М. Мұхитов, дінтанушы А.А.Кабиев шақырылды. Кездесу қонақтары өскелең жас ұрпаққа тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру, патриоттық сана сезімін арттыра отырып рухани тәрбие беру бағытында мағыналы ойларымен бөлісті. Қатысушы студенттер тарапынан Тәуелсіз Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайы төңірегінде сауалдар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.

5 желтоқсанда тарих факультеті География жəне туризм” кафедрасының  аға оқытушысы С.У. Айгужинаның ұйымдастыруымен Қалалық жас туристер стансасының “Жас геолог” үйірмесі оқушыларына арналған   “Минералдар жəне тау жыныстары ” тақырыбында шеберлік класс өткізілді.  Оқушылар минералдар жəне тау жыныстары түрлерімен танысып, білімдерін шыңдады. Сонымен қатар, аталған қатысушылар факультеттің ғылыми кітапханасында  ”География ғылымдарының оқулықтары” көрмесін тамашалады.

Оқытушы Семинар Еркегул «Интерактивті формадағы үздік ашық сабақ» атты байқауға ұсынылған «Ресейде  экономикалық-географиялық ұғымның қалыптасуы» атты ашық сабағы алғыс хатпен марапатталды.

Жыл Оқытушы Нургазина Айжаркын Султанбековна «Интерактивті формадағы үздік ашық сабақ» атты байқауға  «ТМД-ның ішкі сулары» атты  тақырыпта ашық сабақ өткізіп, «АКТ құралдары арқылы студенттердің ынтымақтастығын қамтамасыз ету» номинациясымен марапатталды

Кафедраның ғылыми жұмыстары  үшін 2019-2020 оқу жылы табысты болды:

2019 -2020  оқу жылында  кафедра бойынша  21 авторлық куәлік алынды.

Студенттердің ғылыми зерттеу жобалары Республикалық байқауында 5В011600 – География бағыты бойынша  студенттеріміз Сабытаева С., Қибатуллаева Ә. жүлделі 2 орын иеленді. Жетекшілері –Сергеева А.М., Семинар Е.

Ұлағатты ұстаз, КСРО халық мұғалімі Нұрғалиев Нұрғалиұлына арналған «Халықаралық және Республикалық» деңгейдегі «Туризм» бойынша қашықтық олимпиадасында «Туризм» мамандығының студенттері 2 орынды иеленді.

Ғылым апталығы аясында ұйымдастырылған ғылыми – зерттеу жұмыстары байқауында «География» мамандығының 4 курс студенті Болатбек Назерке 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

6В11101 – ББ 2020-2024 жылдарға арналған туризм оқу жоспарының ерекшеліктері: мамандық бағдарламасы туризм- major, маркетинг, minor – аударма ісі енгізіліп, алғашқы студенттер қабылданды.

2021 жылы 3 курс студенті Қалила Назгүл Тұран-Астана университеті базасында өткен «Табиғи-мәдени мұра аспектісінде білім беруді дамыту тенденциялары» тақырыбындағы жоғары оқу орындары аралық ғылыми жобалар байқауында 2 орынға ие болды. , сонымен қатар 2022 жылы ІІІ Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда 2 орын, ғылыми жетекшісі Нұрғазина А.С.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы қазіргі уақытта география және туризм кафедрасымен белсенді түрде жүзеге асырылуда. 6B11101  ББ «Туризм» мамандығының студенттері сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келесі университеттерде оқиды: Абдрахман Амина – Кастамону университеті, Түркия; Жұмагүл Дана – Быдгощ университеті, Польша. Сондай-ақ ішкі академиялық ұтқырлық бойынша 6В11101 –ББ Туризм мамандығының 2 студенті (Мамбеталина Фариза, Жеңіс Аружан) Алматы технологиялық университетінде білім алды. Студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасымен қатар бұл бағдарламаға педагогикалық ұжымның қатысуы жолға қойылған. 2021-2022 оқу жылында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде география және туризм кафедрасының аға оқытушысы С.У.Айгужина дәріс оқыды.

2022 жылдың 9 – 22 қазан аралығында университет пен М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті арасындағы меморандумға сәйкес, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің доценті, г.ғ.к., А.И.Даншин шақырылды.  Осы уақыт аралығында «География» ББ 3 курс студенттеріне «Дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы» пәнінен тәжірибелік сабақтар, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы үшін «Экономикалық және әлеуметтік географияның қазіргі заманғы проблемалар» тақырыбында семинар өткізілді.

2023 жылғы 2 – 13 қазанға аралығында География және туризм кафедрасына Джон Вон Нейман университетінің профессоры, PhD доктор Дэвид Лорант Денес шақырылды. Профессор 6В11101-ББ «Туризм» студенттеріне «Туристік қызметті  ұйымдастыру» пәнінен (ағылшын тілін оқытумен), сонымен қатар 7M01506- ББ «География» пәнінен  «Географияны  STEM негізінде оқыту» дәрістерін  оқыды. Дәрістен басқа профессор 6В01506-ББ География  2-3 курс студенттеріне «Шетелде оқу мүмкіндіктері» тақырыбында қонақтық дәріс оқыды. Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін «Ғылыми еңбектерді жазу және басып шығару» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді.

Қазақстанның Батыс аймақтарының тұрақты даму мәселелері

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіндегі география және туризм кафедрасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ географтарымен кезекті кездесу (PhD, доцент Е.Х. Кәкімжанов пен г.ғ.к., доцент Т.А. Базарбаева) BR21882122 «Жасыл өсу контекстінде Батыс Қазақстан аймақтарының табиғи, экономикалық және әлуметтік шаруашылық жүйелерін орнықты дамыту: кешенді талдау, концепциясы, болжамдық бағалау және сценарийлер» мега жобаның тақырыбында өтті. https://www.kaznu.kz/ru

Кездесу барысында табиғи-ресурстық әлеуетінің қазіргі жағдайына қатысты осы өңірдің тұрақты дамуы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, зерттеліп отырған аймақтың топырақ жамылғысының техногендік ластану проблемалары да қозғалды. Кездесуге тарих факультетінің деканы т.ғ.к., доцент Ә.Б. Аман, география және туризм кафедрасының меңгерушісі М.М.Исмаилова, кафедраның жетекші ғалымдары г.ғ.к., доцент Г.Т.Кубесова, г.ғ.к., профессор А.М. Сергеева және т.б. өкілдері қатысты.

 

Электрондық оқу ресурстарын әзірлеу және жариялау


Сергеева Айгуль Максатовна

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы