Тарих және дінтану кафедрасы – Кафедра тарихы
Тарих және дінтану кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Кафедра тарихы
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті өз тарихын 1931 жылы институт болып құрылудан бастау алса, мамандар даярлау бойынша екі жылдық тарих бөлімі 1935 жылы өз жұмысын бастады. 1987 жылы Тарих-педагогика болып қайта құрылған факультеттің құрамында мамандар даярлауды жалғастырды. Батыс Қазақстан аймағындағы білім беру мекемелеріне жоғары білікті тарих мамандарын даярлау мақсатында 1989 жылы арнайы жеке Тарих факультеті болып қайта құрылғанда «КСРО тарихы» және «Әлем тарихы» кафедралары болып жұмыс жасады.
2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті және Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты болып екі университет құрылғанда «020300-Тарих» (5 жылдық) «5В020300-Тарих» (бакалавриат) мамандықтары бойынша мамандар дайындайтын университеттің Тарих факультеті құрамында Қазақстан тарихы (жетекшісі т.ғ.к., доцент Исмагулов Ұ.Ш. ) және Тарих (жетекшісі: т.ғ.к., доцент Медеубаев Е.И.) кафедралары құрылды. Факультет деканы т.ғ.к., доцент Г.Б.Ізбасарова болды. Жас мамандар ретінде факультеттің әр жылдардағы түлектері Аман Ә.Б., Маден А.Т., Дүйсенғали М.Н., Қалыбаева А.Ж., Мәндібаева Р.У. және т.б. шақырылды.
2010 жылы екі кафедра біріктіріліп Тарих кафедрасы деп аталып, кафедраға т.ғ.д., профессор Жұмағанбетов Т.С. шақырылды. Кафедра ұжымы дайындалатын мамандықтар санын ұлғайту мақсатында 2009 жылы магистратура бойынша «6М020300-Тарих» мамандығы, бакалавриат бойынша «5В050500-Аймақтану» мамандықтары ашылды. Кафедрада 2 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты және бірнеше ғылым магистрлері жұмыс жасады.
2013 жылы мамыр айында Ақтөбе қаласындағы екі іргелі жоғарғы оқу орны біріктіріліп, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті құрылған сәтте кафедра дайындайтын мамандықтарының бейініне сай «Тарих және Аймақтану» кафедрасы болып 2013-2014 оқу жылының басында құрылды. Кафедра «5В020300-Тарих», «5В050500-Аймақтану», «6М020300-Тарих» мамандықтары бойынша мамандар дайындады. Кафедра меңгерушісі – т.ғ.д., доцент Исмагулов Ұ.Ш. болды. Кафедрада 2 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаттары, 3 аға оқытушы, үш магистр қызмет істеді.
Кафедра мамандықтары 2015 жылы сәуірде Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі тарапынан 5 жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттеуден өтті.
2019 жылдың мамыр айында кафедра Тарих және дінтану кафедрасымен біріктіріліп, «Тарих және дінтану» кафедрасы аталды. Кафедра меңгерушісі т.ғ.д., доцент Ізбасарова Г.Б. Кафедрада штатта 24 оқытушы жұмыс жасайды. Оның ішінде 4 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты, 7 магистр және 3 аға оқытушы бар. Оқытушылар арасында «ҚР-ның білім беру ісінің үздіктері», «Құрмет» орденінің иегерлері бар. Ғылыми сапалығы – 61,5 пайыз магистрмен қоса есептегенде 92,3 пайызды құрайды.
Кафедра бакалавриат деңгейінде «6B02201-Тарих, «6В01601-Тарих», «6В012900-География-Тарих», «6B01602-Тарих-Дінтану» ББ, магистратура деңгейінде «7M01601-Тарих», «7М020300-Тарих» ББ, докторантура деңгейінде «8D02201-Тарих» ББ бойынша мамандар дайындайды.
«Тарих және дінтану» кафедрасы бүгінгі таңда дайындап жатқан «6B02201-Тарих», «6В012900-География-Тарих», «7М020300-Тарих» білім беру бағдарламалары 2020 жылы сәуірде Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі тарапынан 5 жыл мерзімге, ал «6В01601-Тарих» ББ 7 жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттеуден өтті.
«Тарих және дінтану» кафедрасы өз тарихи жолында әрдайым тарихшыларды дайындайтын өңірдегі кафедралардың бірі ретінде жергілікті жастардың білім ошағына қызығушылықтарын арттырып келеді.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы:
- Ізбасарова Гүлбану Болатқызы – кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор
- Абдоллаев Нұртаза Ағишанұлы-т. ғ. д., профессор;
- Исмағұлов Ұзақбай Шаукерұлы-т. ғ. д., АӨУ-ң профессоры;
- Абенова Бибігүл Сейілқызы-т. ғ. к., АӨУ-ң профессоры;
- Абенов Дәулет Құсайынұлы-т. ғ. к., доцент;
- Купенова Гүлмира Ықыласқызы-т. ғ. к., доцент;
- Перевезенцев Александр Леонидович-т. ғ. к., доцент;
- Бегимбаева Жібек Сағынбайқызы – т. ғ. к., доцент,
- Аман Әлібек Бақытжанұлы-т. ғ. к., доцент
- Ғанибаева Жайдарман Ануарқызы-т. ғ. к., аға оқытушы;
- Хибина Зада Нұрмұханқызы-т. ғ. к., аға оқытушы;
- Аликулова Нұрлыгүл Сапаққызы-т. ғ. к., аға оқытушы;
- Мәден Асылбек Төреханұлы-т. ғ. к., аға оқытушы;
- Оразаева Жазира Жарасқызы-т. ғ. к., аға оқытушы;
- Еспенбетова Айнагүл Мейрамбекқызы-т. ғ. к., аға оқытушы;
- Ли Инна Климентьевна-аға оқытушы;
- Шынтемірова Айнұр Сандибекқызы-аға оқытушы, магистр;
- Қалыбаева Айнұр Жақыпқызы-аға оқытушы, магистр;
- Смаханова Жанар Сатылгановна-оқытушы, магистр.
- Айдарова Гүлзер Базарқызы-оқытушы, магистр;
- Исмагулова Динара Муратовна-оқытушы, магистр.
- Сугурбаева Бибинура Казбековна-оқытушы, магистр.
- Жубатканова Колканат Жарасовна- оқытушы, магистр.
- Насыров Руслан Табрисович – оқытушы, магистр.
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы