Тарих және дінтану кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі

Тарих және дінтану кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Оқу және ғылыми қызметі

Тарих және дінтану кафедрасы бакалаврдың 3 және магистратураның 2 мамандығы бойынша және де 1 докторантура мамандар дайындайды.

Бакалавриат:

6В01601 —Тарих (академиялық дәрежесі: білім бакалавры);

6B02201 -Тарих білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық білім бакалавры

6В01602-Тарих және қоғамтану (академиялық дәрежесі: білім бакалавры);

Магистратура:

7М01601 -Тарих (ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша: педагогика ғылымдарының магистрі; бейіндік бағыт бойынша: білім магистрі).

7М02201-Тарих білім беру бағдварламасы бойынша гуманитарлық ғылым магистрі/гуманитарлық білім магистрі

Докторантура:

8D02201-Тарих білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы

Барлық мамандықтар мамандандырылған аккредиттеуден өткен. Оқу үрдісінде оқытудың жаңа инновациялық әдістері қолданылады және олар студенттердің өз бетінше жұмыс жасауына бағытталған. Кафедра оқытушылары оқу үрдісінде интерактивті әдістер мен креативті оқытуды кеңінен қолданып конференция-сабақ, дебат-сабақ, пікірталас және дискуссиялар, қонақ дәрістер ұйымдастырады.

Болон конвенциясының принциптерін жүзеге асыру үшін кафедра дайындайтын мамандық студенттері академиялық ұтқырлыққа белсенді қатысуда. 2017-2018 оқу жылында 5В011400-Тарих мамандығының 2-3 курстарынан 4 студент (А.Асылбек., Г.А. Юсупова., З.М.Ганиева., А.Ж.Тулеугалиева) Қазақстанның ЖОО білім алуда. Осы мамандықта үстіміздегі оқу жылының І жартыжылдығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 2 студенті (Н.Жеңісов., Р.Серікбайқызы) ұлттық академиялық ұтқырлық бойынша білім алып кетті. Соныменқатар, оқу үрдісіне дуалдық оқытудың элементтері енгізіліп, кейбір пәндер бойынша сабақтар кафедраның мектептерде ашылған филиалдарының базасында, жергілікті музейлер мен архивтердің базасында оқытылуда.

Кафедрада ҒЗЖ және СҒЗЖ баса назар аударылады. Кафедра жанынан студенттер мен магистранттарға арналған 2 ғылыми үйірмелер жұмыс жасайды. Кафедра ПОҚ-ы түрлі деңгейдегі ғылыми конференциялардың жұмысына қатысады. 2017-2018 оқу жылында кафедра оқытушылары «Перспективы взаймодействия ученых России и Казахстана в изучении общей истории» (Ақтөбе қ., 2017 ж. маусым), «Алаш қозғалысы: тарихы, зерттелуі және жаңа ізденістер» (Ақтөбе қ., 2017 ж. қазан), «XVII-XVIII ғғ. қазақ-жоңғар қақтығыстарындағы халық батырларының ролі: қазақ бірегейлігінің қалыптасуы» (Ақтөбе қ., 2017 ж. қараша), «Дербісалы Беркінбаев: историческая личность и его время» (Ақтөбе қ., 2017 ж., тамыз), «Астана қаласы – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің символы ретінде» (Ақтөбе қ., 2018 ж. наурыз) атты ғылыми конференцияларды ұйымдастыруға қатысты.

Кафедра алыс-жақын шетелдердің ЖОО-дары – Ресей Федерациясының Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, М.Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университеті, Саратов мемлекеттікуниверситеті, АҚШ-тың Стэнфорд университеті, Ұлыбританияның Ливерпуль университеті, ҚХР Шыңжан экономика және қаржы институты, РФ БашМУ, М.Ақмолла атындағы БашМПУ-мен; республикадағы алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындары және ғылыми мекемелер – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен және т.б. оқу және ғылыми-зерттеу бағытында байланыстар орнатқан.

Кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктілігін көтеру мақсатында іс-сапарларға шығып, тағылымдамадан өтіп отырады. Т.ғ.к., доцент Ізбасарова Г.Б. халықаралық грант иегері атанып, шетелдерде (АҚШ, РФ т.б.) ғылыми іс-сапарларда болып қайтса, т.ғ.к., аға оқытушылар Н.С.Аликулова (2012 ж.), А.М.Еспенбетова (2015 ж.) (Цукуба университеті, Жапония), аға оқытушы Н.Е.Есетов (Халықаралық менеджмент және технология академиясы, Германия (2015 ж.), т.ғ.к., доцент Купенова Г.Ы. (Жоғары техникалық университеті, Португалия (2016 ж.) республикалық «Өрлеу» біліктілікті көтеру институтының ұйымдастыруымен шетел университеттерінде біліктілік көтеру курстарынан өтті. Мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша кафедра оқытушылары Айдарова Г.Б., Демеуова Н.Қ. ғылыми тағылымдамадан өтсе, т.ғ.к., доцент Ізбасарова Г.Б. «Болашақ» бағдарламасы бойынша М.В.Ломоносов атындағы ММУ-де «Тарих» мамандығынан докторантурада білімін жалғастыруда.

Кафедра оқытушылары бірқатар ғылыми еңбектер жариялады. Атап айтқанда, т.ғ.д., профессор Н.А.Абдоллаевтың («Тәуелсіз Қазақстан тарихы»), т.ғ.к., профессор Ж.О.Орамахтың («Ішкі қазақ Ордасы»), т.ғ.к., доцент Б.С.Абенованың («1868 жылғы әкімшілік реформалар және Орынбор өлкесі»), т.ғ.к., доцент Д.Қ.Абеновтың («Қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныстандыру тарихы»), т.ғ.к., доцент Г.Ы.Купенованың («Азия және Африка елдерінің жаңа замандағы тарихы»), т.б. оқытушы-ғалымдардың бірнеше монографиялары мен оқу құралдары жарық көрген.

Кафедра педагог-мамандар, мектеп мұғалімдерін дайындайтын болғандықтан, қала және облыстың түрлі білім беру ұйымдарымен тығыз байланыс орнатқан. Кафедра оқытушылары  облыс, республика деңгейінде түрлі тақырыптарда мектеп мұғалімдеріне дәрістер оқып, әдістемелік семинарлар мен курстар өткізіп келеді. Ғылым кандидаттары Г.Ы.Купенова, А.Т.Мәден, Н.С.Аликулова, А.М.Еспенбетова, З.Н.Хибина және аға оқытушы А.Н.Кадиркулова қала және облыс мектептері мұғалімдеріне әдіскер ретінде оқу және ғылыми-әдістемелік көмектер беріп отырады.

Фаультеттің 3 оқытушысы- ғалымы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ресейдің Москва қаласындағы Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінде тәлімгерлік тәжірибеде болды. А.М.Еспенбетова мен Н.С. Аликулова Жапонияның Цукуба қаласындағы Цукуба университетінде, Н.Н.Мерхайдарова Великобританияның Ньюкасл қаласындағы Ньюкасл университетінде, 2017 жылы т.ғ.к.., доцент Г.Ы.Купенова Португалияның Порто университетінде тәлімгерлік тәжірибеден өтті.

ҚР Президентінің «Болашақ»  халықаралық  бағдарламасының стипендианты, доцент Гүлбану Болатқызы Избасарованы, Ресей Федерациясының М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің диссертациялық Кеңесінде 07.00.00-«Отан тарихы» мамандығы бойынша,  «Қазақ даласы Орынбор ведомство реформасының  объектісі ретінде: Ресей империясының басқару тәжірибесі шеңберінде (1731ж. — ХІХ ғ. ортасы)» тақырыбында  сәтті қорғалған диссертациялық жұмысының нәтижесінде  «тарих ғылымдарының докторы» ғылыми дәрежесін алды.

Факультет республикалық және шетелдік ғылыми мекемелермен шығармашылық байланыстары орнатылған. «Тарих» мамандығы студенттеріне шетелдік ғалымдар дәріс оқиды. Атап айтқанда, 2013-2014 оқу жылында Жапониялық ғалым К.Мацузато, Гонконгтық ғалым Н.Пиончолли, 2014-2015 оқу жылында Санкт-Петербург Мемлекеттік университетінің профессоры (РФ) А.И.Кубышкин, 2016 жылы қарашада М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің доценті А.И.Даньшин, 2017 жылдың ІІ семестрінде А.С.Пушкин ат. Ленинград мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, т.ғ.д., профессор В.А.Веременко  студенттерге дәрістер оқыды.

Жақында Тарих факультетінде «Тарих және дінтану» кафедрасының ұйымдастыруымен оқытушы-профессор құрамы арасында «Рухани жаңғыру» аясында Алтын Орданың 750 жылдығына орай «Жошы ұлысы және Сарайшық – Қазақ мемлекетінің бастауында» атты ғылыми семинар өтті.

Семинарда тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.С.Жұмағанбетов 1362-1380 жылдар аралығындағы Жошы ұлысында қалыптасқан әлеуметтік-саяси жағдай жайында баяндама жасады. Тарих ғылымдарының докторы Ұ.Ш.Исмағұлов қосымша  аталмыш тақырыпқа қатысты соңғы кездері табылған тың деректер бойынша мәліметтер жөнінде айтты.

Семинар барысында баяндамашыға сұрақтар қойылды және жан-жақты пікір алмасулар болды.

Ғылыми семинар қызғылықты өтті.

Тарих факультеті студенттерінің Ақтөбе облысы бойынша археологиялық экспедицияларға қатысуы. Бұл бейнефрагментте археологиялық жұмыстардың түрлері, қорғандар мен қабір шұңқырларының құрылымы көрсетілген. Сондай-ақ практика кезінде студенттердің тұрмысы мен бос уақытын ұйымдастыруын көре аласыз.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Кастамону университеті арасындағы білім саласындаңы ынтымақтастық туралы меморандумы аясында 2019-2020 оқу жылында білім беру қызметіне шетелдік мамандарды тарту мақсатында шақырылған 2019 жылдың 28 қазан 1қараша аралығында  «Тарих және дінтану» кафедрасына PhD доктор, Кастамону университетінің доценті Сәмет Азап 5В020300 – «Тарих» мамандығының білім алушыларына «Жаһандану үдерістері: теория және қазіргі жағдай» пәні бойынша 15 сағат көлемінде дәріс оқыды. Сонымен қатар Тарих факультетінің профессор-оқытушыларымен және студенттермен арада түрлі шаралар өткізілді.

29 қазан күні факультет оқытушыларымен бірге «Кастамону университетінің білім беру жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбында шеберлік класс өткізді. Аталмыш шара барысында университеттегі білім берудің ерекшеліктері, оқытушылардың сабақ жүргізуі және т.б. мәселелер қозғалды.

30 қазан күні География және Туризм мамандықтарының студенттерімен арада «Әдебиеттегі география: география мен өнердің жақындығы мен ынтымақтастығы» тақырыбында сұрақ-жауап түрінде қонақ лекциясы өткізілді. Шара барысында студенттерге тақырыпқа қатысты көптеген мәліметтер берілді.

31 қазан күні факультет оқытушылармен арада «Азия мен Еуропа арасында: кемализм принциптеріне негізделген туркия мемлекеті туралы» тақырыбында ашық микрофон өткізілді. Кездесуде екі жақты білім берудің ерекшеліктері, академиялық ұтқырлық мәселелері сөз болды.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті тарих факультеті тарих және дінтану кафедрасына қарасты «Тарихи таным» атты студенттердің ғылыми үйірмесінің мүшелері үйірме жетекшісі т.ғ.к. Н.С.Аликулованың жетекшілігімен Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейіне жақын аралықта ғана келген Темір ауданының Тасқопа ауылынан табылған «Алтын адамның» құнды жәдігерлерімен танысу мақсатында саяхат жасады. Саяхат барысында студенттерге музей директоры Мейрам Нурланұлы Дүйсенғали алтын жәдігерлер туралы қызықты мәліметтер айтып берді. Сонымен қатар, студенттер музейге іс–сапармен келіп жатқан Қазақстан Республикасындағы Хорватия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рефик Шабановичпен кездесіп, өлке тарихы мен музей жәдігерлер туралы пікірлесті.

2019 жылдың 26 қарашасы күні АӨМУ-нің Ғылыми кітапханасының “Тұңғыш Президент” залында Елбасы күніне орай тарихи-танымдық кеш өтті. Бұл шара кітапхана ұжымы мен “Тарих жəне дінтану” кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Оразаева Ж. Ж., Дефектология 101 топ студенттерімен бірлесіп ұйымдастырылды. Кештің алғысөзі мен библиографиялық шолу жүргізген бас кітапханашы Сүндетова Ж.С., Бейнеслайд дайындап, техникалық жағын ұйымдастырушы бөлім меңгерушісі Шадманова Г.Қ. Кеш барысында Ақботаева Зена мен Жанжігіт Гүлбиназ “Қазақ биін” билеп, Амантай Дана көңіл нұрландырып, жан жадыратып “Көңіл толқыны” күйін орындады. Жанахмет Аружан “Қазағым”əнін, Елмұрат Бағым “Елбасы” жырын, Амандықов Диас “Мен қазақпын” өлеңін орындады. Құралбай Гүлжазира “Бала Сұлтан” атты Назарбаевтың балалық шағы туралы баяндама. Жангалиева Альбина “Елбасының өмір жолы” атты слайд дайындады Елмұрат Бағым мен Байқадамова Ақмарал өздеріне жүктелген кеш жүргізушілік міндеттерін жоғары деңгейде атқарды. Кеш қонақтары: “Тарих жəне дінтану” кафедрасының аға оқытушысы Ғанибаева Ж. А., Педагогика факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Рысбаева А.К., Психологиялық- педагогикалық жəне арнайы білім беру кафедрасының аға оқытушысы Каримова Г.М., Дефектология 101-топ кураторы Туребаева К.Ж. қатысып, мерекемен құттықтап кітапхана ұжымына жəне белсенді студенттерге алғыс айтты.

2019 жылдың 27 карашасында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-де ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған «Тәуелсіздік және Елбасы тағылымы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар – Тарих факультеті. Дөңгелек үстел жұмысына Тарих факультетінің деканы, т.ғ.д., доцент Купенова Г.Ы., «ҚХА және ӘСП» кафедрасының меңгерушісі Сарсембин Ү.К., ф.ғ.д. Амангелді Айталы, магистранттар, зерттеушілер, АӨМУ-нің жас ғалымдары мен студенттері қатысты. Іс-шара модераторы қызметін «Тарих және дінтану» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., доцент Избасарова Г. Б. атқарды. Дөңгелек үстелге қатысушылар пікірталас барысында тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен даму тарихының өзекті мәселелерін, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы, тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы, қоғамның демократиялануы мен президенттік институттың нығаюындағы тарихи рөлін, халықты біріктіру үдерісіне, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, сол сияқты президенттің халыкка ұсынған жолдауларымен таныстырылды. Ф.ғ.д., профессор, академик, Амангелді Айталы баяндамасында: «Нұрсұлтан Назарбаев пен ресми және бейресми кездесулеріндегі сұхбатында айтылған тәуелсіз Қазақстанды құру барысындағы қиындыктары мен қызықты әңгімелерімен бөлісті. Сондай-ақ, іс-шарада “Тарих” мамандығының магистранттары: Насыров Р. Т., Шалманова А., Канапин Б. О. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы, “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы және “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақала туралы баяндама оқыды. Сонымен қатар, магистранттар Қазақстанның жарқырай көрінген, халықаралық аренада табыстарға жетуіне, барлық қазақстандықтарға лайықты жағдай жасауына көмектескен Н.Ә. Назарбаевтың көшбасшылық қасиеттеріне және атқарылған әлеуметтік жобаларға тоқталды. Қорытынды сөз, «ҚХА және ӘСП» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., Сарсембин Ү.К Елбасының бағдарламаларында ұдайы кездесіп отыратын ұлттық сананы жоғалтпау маселелерін ортаға қойып Гегель, Кант сияқты философтардың адамгершілік мәселесін алға тартты. Дөңгелек үстелге қатысушылар егеменді Қазақстанның табыстарымен байланысты адам ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – барлық қызметі өз халқы мен Отанына қызмет етудің үлгісі болып табылатын әлемдік ауқымдағы көрнекті саясаткер деген тұжырымға келді.

29.11.2019 жылы Қ.Жұбанов ат.АӨМУ -де “Оқу процесіне енгізілген дуальды оқыту жүйесінің элементтерін қолдану тəжірибесі” тақырыбындағы əдістемелік апталық аясында Тарих мамандығының 4 курс студенттері’ “Тарих жəне дінтану” кафедрасының аға оқытушысы Ж.А.Ғанибаеваның ұйымдастыруымен кафедра филиалы Новый орта мектебінде “Сын тұрғысынан ойлау технологиясының əдістерін тарих сабағында қолдану тиімділігі тақырыбында əдістемелік семинар өтті. Семинарда сын тұрғысынан ойлау технологиясының мəні’ мазмұны’ технология бойынша сабақ құрылымы’ əдіс- тəсілдерінің тарих сабағында қолдану тиімділігі талқыланды. Студенттер топтық жұмыста сын тұрғысында ойлау əдісінің стратегияларын сабақта қолданудың тиімділігін тəжірибе жүзінде көрсетті.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Тарих факультеті “Тарих және Дінтану” кафедрасының ұйымдастыруымен, тарих ғылымының магистрі, аға оқытушы Қалыбаева Айнур Жакыповна 1курс студенттерімен 3 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде Санкт-Петербург, Эрмитаж, Суворов музейі, Этнография, Әскери-теңіз музейлерімен таныстыратын көрме ашылуында болды. Көрмеде алкоголь, наркотик, темекі тарту салдарынан адамның даму кезеңіндегі туа біткен аномалиялар, жануарлардың аномалиялары ұсынылған. Анатомия ғылымының пайымдауынша экспозиция қызықты, өйткені тарихи құнды жәдігерлер бар. Музейге келушілер ғажайып жәдігерлерді – екі басты түлкілер, екі кеуделі қаршығаны, сусарды көре алды. Барлық келушілерге аудиоэкскурсия ұсынылды.

Ағымдағы оқу жылында тарих факультетінің “English Club” өз қызметінің үшінші маусымы басталды. 2019 жылдың қыркүйек айынан қараша айына дейін клубтың үш отырысы өткізілді. Олардың біріншісі Еңбек күніне арналды (Labor Day). Бұл мереке дәстүрлі түрде АҚШ-та қыркүйектің бірінші дүйсенбісінде атап өтіледі, ал 2014 жылдан бастап қыркүйектің әрбір соңғы жексенбісі Қазақстанда да Еңбек күнін атап өтеді. Клубтың жұмыс жоспары жыл сайын толықтырылып, жаңартылып отырады – бір жыл бұрын 11 қарашада оның отырысы бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталуының 100 жылдық мерейтойына арналды, сол жылы қараша айының басында “жыл мезгілінің ауысуы” атты отырыс тақырыбы болды. Клуб мүшелері – тарих факультетінің ондаған оқытушылары мен студенттері дарынды музыкант Эрик Клэптонның орындауында “Осенние листья” атты танымал әннің мәтінін аударды, таныс әуенге қосылып, аспаптық шығармалар тыңдады.… Үшінші отырыс ағылшын елдерінде кеңінен аталып өтетін Алғыс күні мерекесіне (Thanksgiving Day) арналды. Клуб президенті, доцент А. Л. Перевезенцев клуб қатысушылары үшін жарқын, қызықты презентация дайындады. Сонымен қатар қатысушылар назарына Америка континентінің “Пилигрим-әкелер” тақырыбын игеру барысында осы мерекенің пайда болу тарихы туралы қызықты бейнероликтер (анимациялық түрде) ұсынылды. Алған білімдерін бекіту ретінде барлық қатысушыларға Алғыс айту күнінің тарихы мен дәстүрі бойынша сөзжұмбақ ұсынылды. Ағымдағы оқу жылында клубтың 8 отырысын өткізу жоспарлануда. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тарих факультетіне белгілі ресейлік американшы, СПбМУ профессоры А. И. Кубышкин дәріс оқиды, ол клубтың арнайы қонағы болады. Тарих факультетінің “English Club” үйірмесі өз жұмысын 2020 жылдың мамыр айында Аналар күнін тойлауға арналған жиынмен аяқтайды. Еске сала кетейік, Тарих факультетіндегі “English Club” біздің университеттің басқа факультеттерінің оқытушылары мен студенттерін өз отырыстарына қатысуға шақырады.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының тарих институты арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумы аясында білім беру қызметіне шетелдік мамандарды тарту мақсатында 2019 жылдың 28 қарашасы мен 28 желтоқсаны аралығына Тарих факультетіне шақырылған Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы жанындағы Өзбекстанның қазіргі заман тарихы мәселелері бойынша үйлестіруші-әдістемелік орталықтың бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Аминов Бабир Бомурадович “5В020300-Тарих” және “5В011400-Тарих” мамандығының студенттеріне Орталық Азия ның тарихнамасы мен деректемесі мәселелері бойынша дәріс оқуда.

6 желтоқсан күні “Тарих және Дінтану” кафедрасының оқытушылары: Н.С. Аликулова, Е.К. Конбай, Е. Ильясов, А. Сарбаев #2 студенттер үйінде “Не? Қайда? Қашан?” зияткерлік сайысын ұйымдастырды. Сайыс “Kahoots” бағдарламасы негізінде ұйымдастырылды. Желіге 46 студент тіркеліп, зияткерлік сайысқа қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша “Математика” мамандығының 3 курс студенті Туржан Ақбота 27 360 ұпаймен I-орынды, “Математика” мамандығының 3 курс студенті Тәкенова Жаңылсын 24 471 ұпаймен II-орынды иеленді, сонымен қатар “Физика” мамандығының студенті Алниязова Гүлнұр, “География” мамандығының студенті Базарбаева Әйгерім және т.б. студенттер жақсы нәтиже көрсетті. Сайысқа қатысқан студенттер дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

23 қаңтар күні Жұбанов университетінде оқу-әдістемелік жұмыс және қашықтықтан білім беру орталығының ұйымдастыруымен университеттің 85 жылдық мерейтойы аясында «Әдістемелік жобалар – 2020» байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Байқауға қатысқан университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы білім беру сапасын арттыруда, оны модернизациялауда кәсіби мамандар дайындауда өздерінің педагогикалық шеберліктері мен тәжірибелерін ұсынды.

Әділқазылар алқасының шешімімен Тарих факультетінен “Тарих және Дінтану” кафедрасының т.ғ.к., доцент Перевезенцев Александр II орынға иеленді.

Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-де жыл сайынғы дәстүрлі Үздік интерактивті сабақ байқауын аяқтады. Байқау ЖОО қабырғасында 5 жыл бойы өткізіледі, биыл ол ЖОО-ны 85 жылдығына орайластырылған.  Байқаудың негізгі мақсаты – профессор-оқытушы құрамын инновациялық білім беру қызметіне ынталандыру, интерактивті оқыту әдістерін, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды кәсіби қызметінде белсенді қолданып жүрген оқытушыларды қолдау, көтермелеу және қолданудағы практикалық тәжірибелерін көрсету.  Байқауға 6 факультеттен 29 оқытушы қатысты (физика-математика, тарих, филология, жаратылыстану факультеті, педагогикалық, кәсіби-шығармашылық, экономика және құқық факультеті). Биылғы жылы конкурс қатысушылар санының оң динамикасымен ғана емес (өткен жылмен салыстырғанда қатысушылар саны 10 оқытушыға көп болды), сонымен қатар өткізілетін конкурстық сабақтардың жоғары сапасымен де ерекшеленді.

Қазылар алқасының мүшелері бекітілген кестеге сәйкес 2020 жылдың 17-21 ақпан аралығында оқытушыларының ашық сабақтарына қатысып, 1 орынға Тарих факультеті «Тарих және Дінтану» кафедрасының т.ғ.к., аға оқытушысы Ғанибаева Жайдарман Ануаровнаны ұсынды.

2019 ж. 26 сәуір «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» күніне қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Тарих факультетінің 5В011400-Тарих, 5В020300-Тарих,5В011400-Тарих-дінтану, 5В012900-География-тарих мамандығының 1 курс студенттері Ойыл ауданына 11 шақырым жерде орналасқан “Қырық оба” қорымында археологиялық практикасында қазба жұмыстарын жүргізді.

Қазба жұмыстары барысында экспедиция жетекшісі Н.М.Баиров, А.Б.Сарбаевтың жетекшілігімен №1 қорымды қазу барысында 2,6 мың жыл бұрын өмір сүрген қола дәуірінің адамы табылды.

Археологиялық практика  барысында студенттер  жоспарланған 3 қорым, 4 сектор бойынша толық қазба жұмыстарын орындады.

Бүгін Zhubanov University ғылыми кітапханасында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Тарих факультеті мен ғылыми кітапханасы біргелікте «Елбасы – Қазақстан өркениетінің кемеңгер басшысы» атты дөңгелек үстел өтті.

Салтанатты шараны кіріспе сөзбен ашқан университетіміздің Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы Рахым Ағыбайұлы Бекназаров 2011 жылдан бері күнтізбенің

Күні болып саналатын Тұңғыш Президент күнінің шығу тарихы мен оның бүгінгі күнгі өзектілігіне тоқталып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгер саясаты төңірегіндегі өз ойымен бөлісті.

Бүгін Қ. ЖҰБАНОВ атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 85 жылдық мерейтойын атап өтті. Университет тарихындағы айтулы шара аясында Тарих факультетінде «АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДАҒЫ Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Салтанатты шараны факультет деканы т.ғ.к. доцент Гульмира Ыхласқызы Купенова ашып, ары қарай Тарих және дінтану кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., доцент Гүлбану Болатқызы Избасарованың модераторлығымен жалғасты. Шараға университеттің профессор-оқытушылық құрамы, архив қызметкерлері және түлектер қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Гулмира Ыхласқызы оқу орнына 1983-1995 жылдары басшылық еткен ұлағатты ұстаз, профессор, тіл жанашыры Мұхтар Арынның жеке мұрағат қорының таныстырылымын өткізді.

Мұхтар Арынның өмірі, еңбек жолы мен қоғамдық қызметінен сыр шертетін құжаттарын жинастырып, бірнеше томнан тұратын мұрағаттық қорын қалыптастырып, тиянақтаған М. Арын музейінің 1998 – 2019 жылдар аралғында директоры болған Гүлшара Алибиевна Жаркилова шараға қатысушыларға қордың маңызды құжаттары туралы баяндап берді. Гүлмира Ыхласқызының жетекшілігімен М. Арынның жеке қор құжаттары негізінде арнайы магистрлік зерттеумен айналысып жүрген магистрант Айдана Бимурзаева да ғалым туралы деректер негізінде баяндап берді.

Одан кейін сөз алған Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінің құжаттарды пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы Бақытгүл Жақсымұратқызы Ешмуратова «Университет тарихы архив құжаттарында» атты баяндамасын жасады.

«Тарих факультеті архив құжаттарында» атты баяндама жасаған т.ғ.к., доцент Дәулет Құсайынұлы Абенов облыстық архив материалдары негізінде әзірленген университет тарихы туралы күні кеше ғана тұсауы кесілген жаңа кітап туралы да айта кетіп, университет тарихын тереңірекке апарды.

Гүлбану Болатқызы да шара соңында қатысушыларды құттықтап, қорытындылады. Қатысушылар білімнің қара шаңырағы, еліміздің батысындағы іргелі оқу орындарының бірі – Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің құжаттар беттеріндегі тарихы мен бүгінгі тынысы туралы мол ақпарат алғандарын айтып, университетті мерейтойымен құттықтады.

Тарих факультеті студенттерінің қатысуымен 13 желтоқсан күні “Тарих және дінтану” кафедрасының ұйымдастыруымен “16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне” орай “Қазақ хандығы тарихы және қазіргі тарихи деректер көздері” атты семинар өткізілді. Семинарға Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.д. Ахметова Ұ.Т., Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы жанындағы Өзбекстанның қазіргі заман тарихы мәселелері бойынша үйлестіруші-әдістемелік орталықтың бөлім меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Аминов Б.Б., Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, т.ғ.д., профессор Бекназаров Р.А., “Тарих және дінтану” кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Избасарова Г.Б., т.ғ.д., профессор Жумағамбетов Т.С. қатысты. Семинарда Ұ.Т. Ахметова Қазақ хандығы тарихына қатысты архивтерде орналасқан дереккөздерді, бұл тақырыпты зерттеудің методологиялық мәселелері және Қазақ хандығы тарихының аз зерттелген тұсы – хандық астанасы болған Сарайшық қаласының зерттелуі туралы пікірлер білдірді. Одан әрі ғалым Ұ. Ахметова семинарға қатысушыларды Қазақстан республикасының мейрамымен құттықтады. Дөңгелек үстел еркін форматта өтті. Студенттерге тарих ғылымына қатысты құнды деректер мен бағыт-бағдарлар көрсетілді. Қазақстанның кемел болашағы туралы сөз болып, болашақ тарихшылардың қолында болашақтың кілті тұрғандығы айтылды.

22 ақпан 02 наурыз аралығында Тарих факультетінің 2-курс магистранттары Санкт-Петербург қаласында болып, А.С.Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университетінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде шетелдік іс-тәжірибеден өтіп, білімдерін шыңдап қайтты. 10 күндік білім сапары барысында магистранттарымыз екі жақты келісілген жоспарға сай арнайы дәрістерге қатысып, Ленинград университетінің жоғары білім беру жүйесінде қолданып отырған іс-тәжірибесі мен жоғары білім берудегі Ресейлік өзіндік әдіс-тәсілдерімен танысып, тәжірибе жинақтады. Іс-тәжірибенің теориялық бағытынан бөлек практикалық бағыты да жоспарланды. Сол жоспарға сай магистранттарымыз Санкт-Петербург қаласының тарихи орындарын аралап және де Санкт-Петербург қаласында орналасқан “Орталық мемлекеттік мұрағат” пен “Ресейдің ұлттық кітапханасында” ғылыми диссертациялық жұмыстары бойынша зерттеу жұмыстарында жүргізді. Іс-тәжірибе соныңда магистранттарымыз Ленинград Университетінің арнайы сертификаттары мен марапатталды. Білім мен ғылымның қаламын ұштап, білім жолында жаңа белестерді бағындырып келген 2-курс магистранттарына алдағы уақытта да ғылым жолында аянбай еңбек етіп, Тәуелсіз еліміздің тарих ғылымын дамытуда ісденістен шаршамаңыздар деген тілек білдіргіміз келеді.

Тарих факультеті 5В020300- Тарих білім бағдарламаларының оқу жоспарына сәйкес 4 курс студенттері 2021 жылдың 25 қаңтар мен 2 сәуір аралығында өндірістік тәжірибеден өтуде.

3 наурыз күні оқу залы бөлімшесінің кітапханашылары «Кемел Білім» мектеп-интернатымен бірлесіп, Мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орай «Алаш ұлы» атты тарих сағатын өткізді.
Осы орайда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы А.М.Еспембетова туған жұртының азаттығы үшін саяси жолдағы Ә.Бөкейхановтың қызметіне тоқталып, дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының тарих пәні мұғалімі, тарих магистрі А.Г.Батыргалиева қазақ ғылымындағы еңбектерін, оның бүгінгі тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатқандығын атап,№30 қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі А.Д.Джугунысова өміршең көзқарастарын кеңінен баяндап берді.

Оқушылар тарапынан баба рухына арнап Талғатқызы Нұрхая Ғабиден Қожахмет «Алаш асылдары», Дүйсенбаева Айшабибі С.Торайғыров «Таныстыру» өлеңдерін оқыды.

Шара барысында«Қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар» атты кітап көрмесі,«Әлихан Бөкейханов-тарихи тұлға» тақырыбында слайд ұйымдастырылып, Алаш көсемінің өмірдерегін баяндаған «Қысқа-нұсқа» бейне таспа көрсетілді.

Нәтижесінде,Отанына адал қызмет жасағысы келетін, жүрегі қазақ деп соққан әр азамат Алаш тарихын,соның ішінде Алаш азаматының ұрпаққа қалдырған аманат-мұрасынан мол тағылым ала білді.

2021 жылдың 25 қаңтары мен 2 сәуірі аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Тарих факультетінің 5В020300 – «Тарих» мамандығының 4-курс студенттері Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде өндірістік практикадан өтті. Практикаға жіберілген 16 студент ішкі бұйрыққа сәйкес музейдің ғылыми бөлімдеріне бекітілді. Оларға ғылыми жетекші ретінде музей тарапынан қызметкерлер Н.Габбасов, А.Ержанов және Қ.Рахбаев тағайындалды. Бітіруші студенттердің өндірістік практикасы музей мен аталған жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға байланысты мүмкін болып отыр. Ол келісімге сәйкес Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі бір жағынан жұмыс беруші, практика базасы және модульдік білім беру бағдарламаларын жасақтауға қатысушы мекеме болып табылады.

Практиканттар алғашқы күндері бөлімнің ішкі ережелері мен жұмыс жасау жүйесімен танысты. «Ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету: қазіргі заман тарихы» бөлімінде іс-тәжірибеден өткен студенттер экспонаттарды қабылдау актілерін толтыру, қабылданғалы отырған экспонаттардың тарихын зерттеп қарастыру, кеңестік кезеңдегі Қазақстанның халық шаруашылығына үлес қосқан тұлғалардың өмірі мен қызметін қатысты мәліметтер жинақтау, тарихи анықтамасын дайындау және библиографиялық жинақтау жұмыстарын жүргізді.

«Археология және этнография» бөліміне бөлінген студенттер саланың ерекшелігіне байланысты төмендегі дағдыларды игеріп, тәжірбиелерін толықтырды. Атап айтқанда: археология көрме залының экспонаттарының құрылымындың мазмұнымен танысу үшін, экспонаттар тізбесін жазды, нөмірлерін реттеді; қорға тапсырылатын этнографиялық экспонаттардың (қазақтың киім-кешектері) өлшем біріліктерін алды, сипаттамасын жазып, фото фиксациясын жасады; қорда сақталған археологиялық артефактілерді реттеу (жүйелеу, сипаттау, нөміртеу) жұмыстарын атқарды.

Студенттер музей қорына кіріп, тәжірибелік жұмысқа кірісер алдында техникалық-қауіпсіздік шараларымен танысты. Этнография коллекциясы бойынша жоспарлы түгендеу жұмыстарына белсенді араласып, экспонаттарды суретке түсіру, есеп кітаптары бойынша сәйкестендіру мен сандық форматқа енгізу жұмыстарына қатысты. Қорларды есепке алу мен сақтау секторының меңгерушілерінің көмегімен экспонаттарды сақтау, орау, тізімдеу, коллекцияларға бөлу т.б. жұмыстарына қатыстырылды. Практика соңында жүргізілген жұмыстарға рефлексия жасалып, әр студенттің жұмысы бағаланды. Қорытынды жиындары ұйымдастырылып, мінездеме, т.б. тиісті құжаттары берілді.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 2021 жылдың 27 мамырында «Қазақстандағы ашарлық пен қуғын-сүргін: тарихы мен тағылымы» атты республикалық  ғылыми  конференция өтті. Конференция барысында Қазақстанда жүргізілген қуғын-сүргін шараларын  зерттеудің теориялық-әдіснамалық ерекшеліктері; Қазақстандағы ашаршылық; күштеп ұжымдастыру және шаруа көтерілістері; 1931-1933 жж. ашаршылық және қазақ қоныс аударушыларының тағдыры; Қазақстандағы 1920-1950 жж. саяси қуғын-сүргін және шаруалар тағдыры; қуғын-сүргін мен ашаршылық мәселесінің Отандық тарихнама мен мектеп оқулықтарындағы көрінісі және т.б. өзекті мәселелер талқыланды..

Конференцияның жұмысы барысында Қ.Жұбанов  атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылыми кітапханасы «Тарихтан тағылым – өткенге  тағзым» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Сол сияқты Ақтөбе  облыстық мемлекеттік архиві құжаттар эспозициясын, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің музейі өзінің арнайы көрмесін ұсынды.

Конференция жұмысы барысында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Басқарма төрағасы-Ректор м.а., профессор Р. А. Бекназаров, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Б.О. Елеусінова сөз сөйлеп, шараны ашты. Р.Бекназаров зұлмат жылдардағы оқиғалар туралы сөз қозғап, іс-шараның маңыздылығына тоқтады. Жиында республикаға танымал ғалымдар мен тарихшылар да сөз сөйлеп, баяндама жасады. Олардың ішінде  Айталы А.Ә. (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті профессоры, ф.ғ.д.), Омарбеков Т.О. (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д.), Орда Г. (М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының профессоры, фил.ғ.д.), Смагулова С.О. (Ғылым Ордасының жетекші қызметкері, профессор, т.ғ.д.), Исмагулов Ұ.Ш. (т.ғ.д., профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті), Әбенов Д.Қ. (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті т.ғ.к., доцент), Сәрсембина Қ.Қ. (Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті, т.ғ.к.) бар.

Музей археологтарының жетекшілігімен “Қурайлы ІІІ” қорымында жүргізіліп жатырған археологиялық қазба жұмыстарында “Тарих факультетінің” студенттері оқу-тәжірибесінен өтіп жатыр. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ректорының міндетін атқарушы, т.ғ.д. Бекназаров Рахым Ағыбайұлы, т.ғ.к. Маден Асылбек Төреханұлы және 1- курс студенттерінің кураторы, аға оқытушы Ли Инна Климентьевна студенттермен кездесіп, жүргізіліп жатырған қазба жұмысымен танысты.

Рахым Ағыбайұлы жыл сайынғы дәстүрлі түрде өткізілетін оқу-практикасының пайдасы мен маңыздылығана тоқталып өтті. Болашақ тарихшы мамандарға берілген үлкен мүмкіндік екенін айтып, қал-жағдайларын білісті.

Жұбанов университетінің «Тарих және дінтану» кафедрасының шақыруымен танымал ресейлік тарихшы, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің профессоры Кубышкин Александр Иванович ғылыми онлайн-семинар өткізді.

Кубышкин Александр Иванович — АҚШ-тың жоғары білім бойынша сарапшысы, Фуллбрайт (1 996–1997, 2010–2011 жж.) және Фулбрайт-Кеннан (2003 ж.) стипендиаты, Фулбрайт және Фулбрайт-Кеннан бағдарламаларының басқарма мүшесі, «Қала және мантия. Азаматтық қоғам құрылымындағы Америка университеті» монографияның авторы.

Ғылыми онлайн-семинарды Жұбанов университетінің Басқарма мүшесі, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров жүргізіп, оған кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар, магистранттар, студенттер қатысты. Сондай-ақ семинарға Санкт-Петербург қаласының тарихшы ғалымдары И.И.Курилла, В.М.Монахов, А.А.Сергунин, В.Н.Қонышев, И.А.Цветков сынды тарихшылары үлес қосты

Белгілі деректанушы-арабист, исламтанушы Әшірбек Муминов Жұбанов университетінің профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар және тарих факультетінің студенттеріне семинар-дәріс өткізді.

Сонымен қатар семинарға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің және республиканың түрлі Ғылыми зерттеу институтының  ғылыми қызметкерлері қатысты.

Профессор «Орталық Азиядағы ислам өркениетін зерттеудегі жаңа мүмкіндіктер» атты баяндамасында қасиетті аңыз сияқты күрделі дереккөзді ғылыми талдауға тарту, оны зерттеу әдістемесіне, салыстырмалы талдауды қолдануды кеңейтуге және пәнаралық тәсілдерді қолдануға қатаң талаптар қоятынын атап өтті.

03 қараша 2022 жылы Қ.Жұбанов атындағы АӨУ №2 Б. Сүлейменов атындағы оқу ғимаратында Облыстық маслихат депутаты әрі республикаға белгілі тілші Б.Қ. Сарсенбинамен кездесу болып өтті. Кездесуге Тарих факультетінің ПОҚ, магистранттар, студенттер қатысты. Кездесу барысында республикалық саяси-қуғын сүргін құрбандарын ақтау комиссиясының құрамындағы зерттеуші-ғалымдар – Тарих және дінтану кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д.,профессор Ізбасарова Г.Б. т.ғ.д., профессор Исмагулов Ұ.Ш., т..ғ.к., доценттер Абенов Д.Қ., Даулетьярова Б.Х., Мәден А.Т. т.ғ.к., аға оқытушылар Еспенбетова А.М. Аликулова Н.С., Ғанибаева Ж. А. қазіргі кезге дейінгі өлке тарихына қатысты зерттеу тақырыптарын айта отырып, әлі де зерттеуді қажет етіп тұрған өзекті мәселелерді көтерді. Осындай тақырыптар қатарында аудандар тарихы, еліміздегі тарихи маңызды оқиғаларға қатысқан, өңірдің дамуына белгілі бір үлес қосқан тұлғалар, қалалар тарихы, өндіріс орындарының тарихы мәселелері болды. Мәжіліс депутаты тарихшы ғалымдардың айтқан пікірлерін, ұсыныстарын шешу жолдарын қарастырылатыны туралы мәлімдеді.

Бүгін яғни 19 қазан күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Тарих факультетінің базасында Ресей және Қазақстанның жас этнологтар мектебінің отырысы өтті. Шара үш күнге созылады. Шараны Орынбор мемлекеттік университетінің Оңтүстік Оралдың тарихы мен этнографиясы ғылыми-зерттеу институты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті бірлесіп ұйымдастыруда. Биылғы мектеп этнологияның өзекті мәселелеріне арналған. Жалпы үш күндік ғылыми семинар барысында Ресей мен Қазақстанның т.ғ.д., профессор В.А.Тишков (РФ., Мәскеу қ.), т.ғ.к., доцент Ф.Г.Галиева (РФ., Уфа қ.), т.ғ.д., профессор М.Н.Сдыков (ҚР., Орал қ.), т.ғ.к. И.В.Стасевич (РФ., Санкт-Петербург), т.ғ.д., профессор И.И.Шангина (РФ., Санкт-Петербург), т.ғ.д., доцент Р.А.Бекназаров (ҚР., Ақтөбе қ.), т.ғ.к. Е.И.Ларина (РФ., Мәскеу қ.), т.ғ.к. О.Б.Наумова (РФ., Мәскеу қ.), т.ғ.д. Т.А.Титова (РФ., Қазан қ.), т.ғ.д., профессор Г.Б.Избасарова (ҚР., Ақтөбе қ.),, т.ғ.д., профессор А.Б.Қалыш (ҚР., Алматы қ.) сынды жетекші тарихшы-этнограф ғалымдары жас этнологтарға дәрістер оқып, шебер-кластарын өткізетін болады. Семинарға аталған екі елдің жоғары оқу орындарының этнологиямен айналысатын студенттері мен магистранттары қатысуда.

2022 жылы 7 қазан күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Есет батыр Көкіұлының 355 жылдығына орай «ХVІІ-ХVІІІ ғғ. қазақ-жоңғар қатынастарындағы Есет Көкіұлының тарихи рөлі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Есет батыр Көкіұлының ұрпақтары, тарихшы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, магистранттар және студенттер қатысты.
Шара барысында «Елін қорғаған ер Есет» атты кітаптың тұсаукесері болды. Конференцияның пленарлық отырысында жазушы І.Жақанов, т.ғ.д., профессор Ө.Озғанбай, тех. ғ.д., профессор Ә.Әбжаппаров, т.ғ.к. Ж.Исмурзин (Орал қ,), ф.ғ.к., профессор Н.Қамарова (Ақтау қ.), т.ғ.д. Б.Найманбаев (Шымкент қ.), т.ғ.д., профессор Г.Избасарова, т.ғ.к., доцент А.Мәден сөз сөйлеп, баяндама жасады.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде қараша айының 24-25 күндері “Еуразия тарихы мен мәдениеті аясындағы Арал-Каспий аймағы” атты ІІІ Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Осымен үшінші рет (2006, 2011 жылдары өткізілді) ұйымдастырылған халықаралық ғылыми конференцияда Қазақстан, Түркия, Франция, Ресей (Татарстан, Башқұртстан, Санкт-Петербург, Москва, Новосибирск ғылыми мектептерінің ғалымдары), Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және т.б. елдердің ғалымдары бас қосып, Еуразия тарихы мен мәдениетіндегі Арал-Каспий аймағының маңыздылығы, аймақтың тарихы мен мәдени ескерткіштерін зерттеудегі өзекті мәселелер т.б. талқынып, пікір алысты.
Конференцияның алғашқы күніндегі пленарлық мәжілісті Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов ашып, 10-елдің ғалымдары бас қосқан үлкен шараның маңыздылығын және оның Ақтөбе қаласында ұйымдастырылуын ерекше атап өтті.
Б.Сүлейменов атындағы №2 оқу ғимаратындағы тарих факультетінде ғылыми конференцияға 107 қатысушылар өз баяндамаларын онлайн және оффлайн форматта 6-секциялық мәжілісте талқыға салды.
Ғылыми шараның екінші күнінде ғалымдар тарих факультеті студенттерімен кездесіп, әртүрлі тақырыптарда дәрістер оқыды. Мәселен, елімізге танымал атақты археолог Ж.Қ.Таймағамбетов елімізде соңғы жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижелері төңірегінде, т.ғ.д., доцент А.У.Тоқтабай Орта Азиядағы Кіші жүз қазақтарының есімімен байланысты киелі жерлер туралы, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің доценті Е.И.Ларина тарихи жады тақырыбында баяндады. Ғалымдар студенттер мен факультет оқытушыларының түрлі сауалдарына жауап берді.
Кейін басқосу “Үлкен Доңызтау мәдени-тарихи аймағы және оның маңызы” атты симпозиуммен жалғасты. Аталған шараға облыс әкімінің орынбасары Б.О. Елеусинова қатысып, конференция жұмысына оң баға берді. Халықаралық деңгейде өткен конференцияның резолюциясы қабылданды.
Конференция соңында Арал-Каспий аймағын зерттеуге өзіндік үлес қосқан ғалым – тарих ғылымдарының докторы, профессор Әжіғали Серік Ескендірұлының 70 жасқа толу мерейтойы аталып өтіліп, арнаулы құттықтаулар жолданды. Шара соңы фольклорлық концертпен жалғасты.
Бірнеше елдің ғалымдары бас қосып, өзекті мәселелерді ортаға салған маңызды халықаралық конференцияны жоғарғы дәрежеде ұйымдастырған Ақтөбе облысының әкімдігіне, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтына, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейіне және Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университетіне қатысушылар атынан алғыс білдіреміз.

2022 жылғы 8 желтоқсан күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің тарих факультеті мен кітапхана ұжымының қызметкерлерімен бірлесіп , Сүлейменов Бекежан Сүлейменұлы – ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреатына 110 жыл толуына байланысты «Тұғыры биік тарлан тарихшы» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді «6В02201»-тарих мамандығының студенттері Қансұлтан Мансур мен Ходжабердиева Ұлболсын күмбірлеген күймен ашты.

Кіріспе сөзін тарих факультетінің деканы т.ғ.к. , доцент Купенова Гульмира Ыхласовна күн тәртібін айтып, Б. Сулейменов туралы қызықты өмір жолдарымен таныстырды.
Тақырыпты талқылау барысында «6В01601», «6В01201»-тарих мамандығының студенттері Агатаева Д., Жақып Н., Боранбаева А., Закария Ә.,Сансызбаева Ж. Б. Сулейменовтің еңбектеріне слайд арқылы баяндамалар оқыды.

Содан кейін кітапхана бөлім меңгерушісі Профессор Бекежан Сулейменов кітаптарына библиографиялық шолу жасады.

Шараға «Тарих және дінтану» кафедрасының магистрі Шынтемирова А. және 2-4 курс студенттері белсенді қатысып өз пікірлерін айтты.
«Тарих және дінтану» кафедрасының оқытушысы т.ғ.к.. доцент Бегимбаева Жибек Сагинбаевна қорытындылап студенттерге және қатысушыларға алғысын білдірді.
Аталмыш шара тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға насихаттау барысында ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылар: Тасқымбаева Рая Баймұратқызы деканның тәрбие жұмыстар жөніндегі орынбасары, «Тарих және дінтану» кафедрасының оқытушысы т.ғ.к.. доцент Бегимбаева Жибек Сагинбаевна, кітапхана бөлім меңгерушісі Абдуллина Эльвира Улановна, кітапханашы Нурбаулина Гульмира Мендигуловна.

Бүгін, 30 қазанда Қ.Жұбанов АӨУ ​​ ынтымақтастық келісімі аясында және сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті тарих факультетіне Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің тарих факультетінің 2 және 3 курс 7 студентінен құралған делегация келді.

Студенттер жаңа, заманауи студенттік жатақханаға орналастырылды. Қ.Жұбанов, одан кейін түскі астан кейін No2 оқу корпусының ғимаратына шақырылып, оларға ғылыми кітапхана, компьютерлік сынып, археология кабинеті мен оқу кабинеттері көрсетілді.
Доцент А.Л. Перевезенцев ОГПУ студенттеріне арналған «Академиялық жазу» курсы бойынша сабақ өткізді, сонымен қатар тарих факультетінде оқытылатын элективті курстардың («Тарихтың жеке факторы») және ғылыми-әдістемелік семинарлардың презентациясы – ғылыми семинар Америка тарихындағы гендерлік фактор туралы.

Басшының бастамасымен Орынбордан келген студенттердің сапары Тарих және дінтану кафедрасы, профессор Г.Б. Ізбасарова, 30 қазаннан 10 қарашаға дейін жалғасады. Қонақтар үшін ауқымды және жан-жақты ғылыми-мәдени бағдарлама, соның ішінде дәрістер мен семинарлар, өзекті тарихи мәселелерге арналған дөңгелек үстел, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағатына бару және жұмыс істеу, сондай-ақ бару жоспарланған. Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық мұражайына. атындағы АӨУ тарих факультетінің ұжымы. Қ.Жұбанова бұл сапар көршілес Ресейдің шекаралас өңірінің ғалымдары мен студенттерімен жемісті академиялық ынтымақтастықтың бастауы болады деп сенеді.

ОРЫНБОР СТУДЕНТТЕРІ АҚТӨБЕ МУЗЕЙЛЕРІНЕ БАРДЫ

Ақтөбе өңірлік университетіне келгендер. Қ. Жұбанова академиялық ұтқырлық аясында Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің тарих факультетінің 2 және 3 курс студенттері оқу сабақтарынан басқа, қаламыздың көрікті жерлері мен ескерткіш орындарына баруды қамтитын кең мәдени бағдарламаға тартылды.
31 Қазанда олар Ақтөбе қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды (бұдан әрі бұл туралы мәтін мен фото).

1 қарашада тарих және дінтану кафедрасының доценті А.Л. Перевезенцев орынборлықтарға біздің көрнекті жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық мұражайына баруды ұсынды.

Мұражай басшылығымен келісім бойынша шетелдік қонақтар үшін егжей-тегжейлі экскурсия өткізілді. Экскурсовод ретінде облыстық мемориалдық мұражайдың аға ғылыми қызметкері, өз ісінің тамаша маманы – Тәжбенова Сәулеш Базарбайқызы сөз сөйледі. Орынбордан келген тарихшы студенттер мұражай экспозицияларының жоғары сапа деңгейі мен ақпараттылығына, экскурсияда баяндалған материалдың тереңдігі мен танымдық құндылығына таң қалды. Балалар біздің ұлттық кейіпкеріміздің қайғылы тағдырына, мемориалдық мұражайдың тарихи атмосферасына бой алдырды. Болашақ педагог-тарихшылар ретінде орынборлықтар жастарды патриоттық тәрбиелеуде, тарихи жадыны қалыптастыруда мұражайдың үлкен рөлін атап өтті. Экскурсия соңында олар мұражай қызметкерлерінің жоғары кәсіби деңгейін атап өтті, Сәулеш Базарбайқызына шын жүректен алғыс айтып, Мұражайдың құрметті қонақтарының кітабына ынталы жазба қалдырды.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ЗЕРДЕЛЕУ.

2023 жылғы 31 қазанда Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің тарих факультетінің 2 және 3 курс студенттері,

Ақтөбе өңірлік университетіне келгендер. Қ. Жұбанова академиялық ұтқырлық аясында тарих және дінтану кафедрасының оқытушысы Р. Т. Насыровпен бірге Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды, бұл біздің қонақтарымыз үшін мәдени бағдарламадағы маңызды іс-шара болды. Экскурсияны ғылыми қызметкер Искандеров С. Р. Орынбордан келген қонақтар мұражайдың көрме залдары мен экспозициясымен танысуға қуанышты болды. Қазақстанның ортағасырлық тарихына арналған залдар ерекше қызығушылық тудырды. ОГПУ студенттері Этнография залында ұсынылған қазақ халқының дәстүрлі костюмдерімен, киіз үйдің безендірілуімен танысты. Экскурсия соңында балалар музейдің ғылыми қызметкері мен басшылығына алғыстарын білдірді.

📚 1 қарашада АРУ арасындағы ынтымақтастық туралы Шарт аясында.Қ. Жұбанова мен Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша тарих факультетінде Т.ғ. к., доцент Ж. с. Бегімбаева “ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басында Қазан университеті жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамының қызметі”тақырыбында дәріс өткізді.

📚 Орынбор университетінің 2-3 курс студенттері 6В02201 – тарих ББ 2 курс студенттерімен бірлесіп дәрісті мұқият тыңдады, сұрақтар қойылды, бұдан әрі студенттер Қазақстан мен Ресей арасындағы ғылыми ынтымақтастықты талқылауға қатысты.

📚 2 қарашада Орынбор мемлекеттік педагогикалық институтының студенттеріне арналған ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарына сәйкес Конфуций АРУ орталығына экскурсия өткізілді. Қ. Жұбанова. Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері Конфуций институтының “HSK” қытай тілін тестілеу орталығымен танысып, қытай тілі сабақтарына қатысып, Конфуций АРУ орталығының тарихы туралы қызықты ақпарат алды.Қ. Жұбанова.

📚 Студенттерге дәріс аудиториялары, Университет кітапханасы бойынша экскурсия өткізілді: кітапхананың оқу залына барып, электронды кітапханамен танысты. Кітапхананың басты міндеті-заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, мамандарды даярлауда оқу процесіне көмек көрсету. Тарих факультетіндегі кітапханада Орынбор студенттері “Open Space” оқу залына барып, Қазақстан тарихы туралы кітаптармен танысты. 📚 1 қарашада АРУ арасындағы ынтымақтастық туралы Шарт аясында.Қ. Жұбанова мен Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша тарих факультетінде Т.ғ. к., доцент Ж. с. Бегімбаева “ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басында Қазан университеті жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамының қызметі”тақырыбында дәріс өткізді.

📚 Орынбор университетінің 2-3 курс студенттері 6В02201 – тарих ББ 2 курс студенттерімен бірлесіп дәрісті мұқият тыңдады, сұрақтар қойылды, бұдан әрі студенттер Қазақстан мен Ресей арасындағы ғылыми ынтымақтастықты талқылауға қатысты.

📚 2 қарашада Орынбор мемлекеттік педагогикалық институтының студенттеріне арналған ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарына сәйкес Конфуций АРУ орталығына экскурсия өткізілді. Қ. Жұбанова. Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері Конфуций институтының “HSK” қытай тілін тестілеу орталығымен танысып, қытай тілі сабақтарына қатысып, Конфуций АРУ орталығының тарихы туралы қызықты ақпарат алды.Қ. Жұбанова.

📚 Студенттерге дәріс аудиториялары, Университет кітапханасы бойынша экскурсия өткізілді: кітапхананың оқу залына барып, электронды кітапханамен танысты. Кітапхананың басты міндеті-заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, мамандарды даярлауда оқу процесіне көмек көрсету. Тарих факультетіндегі кітапханада Орынбор студенттері “Open Space” оқу залына барып, Қазақстан тарихы туралы кітаптармен танысты.

Университеттегі Ғылым айы аясында 12 сәуірде Халықаралық ғылым күніне орай Тарих факультетінде кәсіпкер Райгул Алданышқызының қолдауымен саясаттану ғылымдарының докторы, профессор ғалым Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың Европа және Америка елдерінің архивтерінен табылып, елге әкелінген Қазақ мемлекетіне қатысты ХҮ-ХІХ ғасырлардағы карталар мен суреттердің «Ежелгі карта – елдігіміздің ескірмейтін айғағы» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Мясникова Л.Н., ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Бекназаров Р.А., стратегиялық даму жөніндегі проректор Хусаинов Д.С., кәсіпкер Райгүл Алданышқызы, № 31 орта мектебінің директоры Б.Д. Жумагулов. № 31 орта мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Г.Т. Калкаманова, факультеттің профессор-оқытушылық құрамы, студенттер мен магистранттар қатысты. Көрменің мақсаты қазақ мемлекетінің көне карталарымен танысу арқылы, қазақ мемлекетінің жер-су атауларын, қазақ жүздері мен руларының орналасуын анықтау және сәйкестеніру, мемлекет дамуының үздіксіз дамығанын дәлелдеу, студенттердің пәндерінде картографиялық білімді жетілдіру. Сондай-ақ картографиялық ғылым негізінде студенттік қауымды ғылыми ізденіске баулу және іс – тәжірибе алмасу. Көрмені № 31 қазақ орта мектебінің ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Т. Калкаманова таныстырып, көрермендерге құнды тарихи деректер мен ақпараттар ұсынды.

 

Электрондық оқу ресурстарын әзірлеу және жариялау


Избасарова Гульбану Болатовна

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы