Тарих және дінтану кафедрасы – Материалдық-техникалық база

Тарих және дінтану кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Материалдық-техникалық база

6В01601 —Тарих , 6B02201 -Тарих , 6В01511-География-Тарих , 6В01602 -Тарих-Дінтану, 7М01601 –Тарих, 7М02201-Тарих, 8D02201-Тарих.

Мамандықтары жоғары материалдық-техникалық базамен жабдықталған:

  • «Тарих және дінтану» кафедрасы;
  • «Археология, Этнография» ғылыми-зерттеу орталығы;
  • «Өлкетану орталығы» кабинеті;
  • «Археология» кабинеті;
  • «Мультимедиялық компьютерлік класс»
  • History place коворкинг орталығы
  • «Досжан хазірет атындағы» оқу кабинеті;
  • «Тарихты оқыту әдістемесі»оқу кабинеті
  • «Компьютерлік класс» кабинеті;
  • «Сүлейменов Бекежан Сүлейменұлы атындағы » конференц зал;
  • дәрісханалар мен оқу кабинеттері;
  • кітапхана және 2 оқу залы;
  • акт-зал (250 орын);
  • конференц-зал (50 орын);
  • мобильді компьютерлік класс (21 ноутбук);
  • компьютер кластары (70 компьютер).

Досжан хазірет атындағы оқу кабинеті

Мультимедиялық компьютерлік класс

 “Тарихты оқыту әдістемесі” оқу кабинеті

Бекежан Сүлейменов атындағы конференц – зал

Тарихи орын

IT cabinet

Өлкетану орталығы

Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің тарих факультеті жанындағы «Археология және этнография» орталығының материалдық базасы швейцариялық Leica Geosystems өндірушісінің кәсіби трасологиялық іздеу үшін заманауи георадармен толықтырылды.

Leica DS2000 георадары жоғары деңгейлі мәліметтерді алу үшін жоғарғы қабаттардың 2 метрге дейін және одан да тереңірек 3,5-4 метрге дейін жерге енетін, жиілігі 700 және 250 МГц болатын екі антеннамен жабдықталған. Әмбебап тұтқасы пайдаланудың қарапайымдылығы үшін қажетті бұрышты орнатуға мүмкіндік береді.

Археология саласындағы георадардың міндеттері, мысалы, ежелгі қоныстардың жерленген негіздері мен қабырғаларын картаға түсіру, археологиялық артефактілер – қыш ыдыстар, металл құралдар, алтын және басқа металдарды табу арқылы анықталады.

Герадардың маңызды опцияларының бірі – жер астында заттың болуын ғана емес, сонымен қатар оның өлшемдері мен тереңдігін де анықтау мүмкіндігі. Оған қоса георадар металл заттардан басқа қоршаулардың, іргетастардың, тоннель және жер астындағы қуыстардың қалдықтарын анықтайды.

«Археология және этнография» орталығы мен Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің бірлескен жұмысы ғылыми зерттеулердің жаңа деңгейіне шығады деп сенеміз. 2020-2021 оқу жылында Ақтөбе облысының Әйтеке би, Мәртөк, Темір, Үйіл аудандары аумағында бірлескен археологиялық зерттеулер жоспарланған.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы