Тарих және дінтану кафедрасы – Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

Тарих және дінтану кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

Кафедра жұмысының басты нәтижесі – оның түлектері. Кафедра түлектерінің есімдері Ақтөбе облысынан тыс жерлерге де жақсы таныс. Олардың ішінде белгілі саясаткерлер мен өнер саласының қайраткерлері, ұлттық компаниялар мен департаменттердің жетекшілері, облыс және қалалық әкімшілікте басшылық қызметте жұмыс жасайтын тұлғалар, ғылым докторлары мен кандидаттары, аудандық білім бөлімі мен  әртүрлі деңгейдегі мектептердің директорлары көптеп саналады. «Тарих» мамандығының атақты түлектерінің қатарында белгілі саясаттанушы, «Қазақстан РТРК» АҚ басқармасының төрағасы Карин Ерлан Тынымбайұлын, ҚР Инвестиция және туризм министрлігінің Туризм индустриясы департаментінің директоры Игалиев Маратты, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры т.ғ.к., доцент Көбенова Гүлзат Ізбасарқызын, Премьер-министр Кеңсесі басшысының кеңесшісі Жылгелді Алданды, Алматы қаласы әкімі аппаратының жетекшісі, с.ғ.к. Мурзалин Жанболат Ахатұлын, Орск гуманитарлық-технологиялық университеті (Ресей) Тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Ткачев Виталий Васильевичті, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері, т.ғ.к., доцент Бисембаев Арман Ауғанұлын, Ақтөбе қаласы Новый ауылдық округінің әкімі Әлімбаев Алмаз Аманбайұлын, т.б. атауға болады.

Еңбек нарығындағы қажеттілікке байланысты біздің түлектеріміздің 90%-і жұмыспен қамтылады. Факультет жыл сайын мектептер мен білім ордаларының жетекшілерін жұмылдыра отырып, «Бос орын жәрмеңкесін» өткізуді дәстүрге айналдырған. Олар өздеріне тапсырылған түйіндемелер мен студенттердің жеке тұлғасы жөніндегі мәліметтермен танысқаннан кейін, «Ең үздік» деп танылған студенттерді өздеріне жұмысқа шақырады.

Көбенова Гүлзат Ізбасарқызы Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры

Еңбекпен қамтамасыз етілуі. Еңбек нарығындағы қажеттілікке байланысты біздің түлектеріміздің 80%-і жұмыспен қамтылады. Факультет жыл сайын мектептер мен білім ордаларының жетекшілерін жұмылдыра отырып, «Бос орын жәрмеңкесін» өткізуді дәстүрге айналдырған. Олар өздеріне тапсырылған түйіндемелер мен студенттердің жеке тұлғасы жөніндегі мәліметтер мен танысқаннан кейін, ең үздік деп танылған студенттерді өздеріне жұмысқа шақырады. Біздің түлектеріміздің басым бөлігі білім беру ұйымдары мен арнайы кәсіби мекемелерден кәсіптік тәжірибеден өту мен жұмысқа орналасуға шақыртулар алады.

Қаринн Ерлан Тынымбайұлы
Түлек-1997
ҚР Президентінің көмекшісі

Көбенова Гүлзат Ізбасарқызы
Түлек – 1997ж.
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы, т.ғ.к.

Батырхан Жолдас Нұрланұлы
Түлек-1998

«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ басшысы

Латып Алиби Турсынгалиулы
Түлек-1999

«Ұ. Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ директоры

Аман Әлібек Бақытжанұлы
Түлек-2000

Қ.Жұбанов ат.АӨУ, «Тарих және дінтану» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Ержанов Арман Кудайбергенович
Түлек-2000

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы

Мәден Асылбек Төреханұлы
Түлек-2001

Қ.Жұбанов ат.АӨУ, «Тарих және дінтану» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Әлімбаев Алмаз Аманбайұлы
Түлек-2001

Ақтөбе облысының Қарғалы ауылдық округінің әкімі

Дүйсенғали Мейрам Нұрланұлы
Түлек-2002

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры

Шабаров Жомарт Мырзабекұлы
Түлек-2002

Ақтөбе қаласы «№19 орта мектебі» КММ директоры

Конжар Ануарбек Жеңісұлы
Түлек-2002

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалар басшысы

Сарсенбин Үмбетхан Қуандықұлы
Түлек-2003

Қ.Жұбанов ат.АӨУ, «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік – саяси пәндер» -кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., аға оқытушы

Тлепов Ербол Мырзабайұлы
Түлек-2003

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы әкімі аппаратының басшысы

Сарин Бауыржан Өтеумағамбетұлы
Түлек-2004

Ақтөбе қаласының «№ 40 жалпы орта білім беру мектебі» директоры

Мамиров Талгат Базарбаевич
Түлек-2004

ҚР БҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының директоры

Абдуллина Ақжүніс Гафуровна
Түлек-2005

«География және Туризм» – кафедра меңгерушісі, PhD, аға оқытушы

Төлегенов Тұрлан Ғанибетұлы
Түлек-2005

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласының әкімі

Омаргалиев Талгат Шонайбаевич
Түлек-2007

Ақтөбе қаласы «№ 54 негізгі мектебі» КММ директоры

Купенов Айбек Мұратқалиевич
Түлек-2007

Ақтөбе қаласы, «Астана» ауданының әкімі

Мұқамбетжанов Артур Мұқамбетәзиұлы
Түлек-2007

«М. Мақатаев атындағы №73 жалпы білім беретін орта мектебі» директоры

Айдарбаев Мұратбай Болатұлы
Түлек-2007

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары

Қарабасова Лаура Чапайқызы
Түлек-2008

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры, философия докторы (Ph.D.)

Аманғосов Еркебұлан Русланбекұлы
Түлек-2008

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Стратегия, ғылым және талдау орталығының директоры

Досмуратов Фархад Сабыртаевич
Түлек-2008

Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының директоры

Пұсырманов Нұрбек Серікұлы
Түлек-2010

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылым жөніндегі вице-президенті

Хасен Арсен Болатұлы
Түлек-2017

«Ақтөбе облысының білім басқармасы» әкімшілік жұмыстар, персоналды басқару және педагог кадрлармен жұмыс бөлімнің басшысы

Наубетов Мұрат Саматұлы
Түлек-2018

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Қарасу негізгі мектебі» КММ директоры

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы