Тарих және дінтану кафедрасы – Жетістіктер

Тарих және дінтану кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Жетістіктер

КеАҚ “Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің” Басқарма Төрағасы-Ректоры
Түлек -2008

Кафедраның жетістіктері ретінде бірінші кезекте, студенттердің ғылымдағы табыстарын айтуға болады. Студенттердің ғылыми жұмыстары ғылыми сайыстарда жоғары бағаланып келеді. 2016-2017 оқу жылында 5В011400-Тарих мамандығының студенті болған Д.А.Абрахманованың «Оренбургский учебный округ в истории образования края (вторая половина ХІХ в.)» атты бітіру жұмысы Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінде (РФ) өткен тарихшы-студенттердің бітіру квалификациялық жұмыстарының ІІ Халықаралық кәсіби конкурсында жүлделі І-орынды жеңіп алды.

5В011400-Тарих мамандығының студенттері еліміздің ЖОО–дары арасында өткен Республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары болып табылады. Соңғы жылдардағы жетістіктерін айтсақ, біздің студенттер 2015 жылы – командалық І орын, 2017 жылы – командалық ІІІ орынды иеленді.

Кафедра ПОҚ-ның нәтижелі оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстарының арқасында 2015 жылы 5В011400-Тарих мамандығы білім беру бағдарламасы бойынша 5 жыл мерзімге халықаралық АРТА-нің мамандандырылған аккредиттеуінен өтті.

Осы халықаралық Аккредиттеу және рейтингтеу тәуелсіз агенттігінің сараптау қорытындылары бойынша 5В011400-Тарих мамандығы республика ЖОО-ры мамандықтарының арасында жоғары орындарды иеленіп келеді:2012 жылы – ІІІ орын, 2017 жылы – ІІІ орын.

Кафедраның профессор-оқытушылық құрамы да оқу-әдістемелік және ғылыми бағытта айтарлықтай жетістіктерге жетіп келеді.

Кафедраның төрт оқытушысы әр жылдары «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын иеленді. Олар: т.ғ.к., доцент Б.С.Абенова (2006 ж.), т.ғ.к., доцент Г.И.Көбенова (2007 ж.), т.ғ.д., профессор Г.С.Сұлтанғалиева (2008 ж.), т.ғ.к., доцент Г.Б.Ізбасарова (2012 ж.).

Қазіргі таңда кафедраның ПОҚ-ы импакт-факторлы ғылыми басылымдарға мақалалар жариялау, РОӘК-ң грифімен оқу құралын шығару, монография дайындау, академиялық ұтқырлық бойынша шетел және отандық ЖОО-да дәрістер оқу бағыттарында жұмыстанып келеді.

2017-2018 оқу жылының І-жартыжылдығына 5В011400-Тарих мамандығының 2-курс студенті Асылбек Аяжан және 5В011600-География мамандығының 3-курс студенті Жұлдызбаев Нұрғали М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, 5В011600-География мамандығының 2-курс студенттері Пернекул Әсем, Болатбек Назерке, Қыдырбай Айнұр, Дәрменқұлова Айжан Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық университетінде, 5В020300-Тарих мамандығының 2-курс студенттері халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Ресей Федерациясының Жаңабергенова Адина, Шерниязова Дана Орынбор педагогикалық университетінде білім алуды жоспарлап отыр.

Факультет студенттері республикалық пәндік олимпиялардың тұрақты жеңімпаздары болып табылады.

  • 2015-2016 оқу жылы тарих мамандығы 3- орын;
  • 2017-2018 оқу жылы 5В0111400- Тарих мамандығы 2- орын иеленді
  • 2018-2019 оқу жылы 5В0111400- Тарих мамандығы 3- орын иеленді.

“Рухани жаңғыру” аясында шағын футболдан Тарих факультеті студенттері “Ең үздік қақпашы”, “Ең үздік корғаушы”, “Ең үздік сұрмерген” грамоталарымен марапатталды.

Үздіксіз білім беру институты ұйымдастырумен жыл сайынғы дәстүрлі түрде өтетін «Интерактивті түрде ашық сабақ» байқауы 17-21 ақпан аралығында өтті. Мақсаты профессор-оқытушылар құрамын инновациялық білім беруге ынталандыру, озық педагогикалық технологияларды, интерактивті оқыту әдістерін тәжірибеде көрсету болды. Байқауға 6 факультеттен 29 оқытушы қатысты. Биылғы жылғы қазылар алқасының шешімімен 1 жүлделі орынды Тарих факультеті «Тарих және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы т.ғ.к. Ғанибаева Жайдарман Ануарқызы иеленді. «Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақта жеке, топтық жұмыс әдістері, «SWOT»-талдау, «PEST»- талдау әдістері, «Активатор 3/2/1» әдісі, топты бағалау, өзін-өзі бағалау әдістері қолданылды.

Осы халықаралық Аккредиттеу және рейтингтеу тәуелсіз агенттігінің сараптау қорытындылары бойынша 6B02201 -Тарих мамандығы республика ЖОО-ры мамандықтарының арасында жоғары орындарды иеленіп келеді:2019 жылы – ІІІ орын

«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне 85 жыл» мерекелік медалі, «Құдайберген Жұбанов» медалі, «Университетті дамытудағы еңбегі үшін» медалі, «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемелекеттік университетінің еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
т.ғ.д. профессоры Исмагулов Ұ.Ш.
т.ғ.к. доцент Абенов Д.К.
т.ғ.к.доцент Давлетьярова Б.Х.
ф.ғ.докторы профессоры Каирова Б.Е.

2020 жылдың 16-қазанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 5В020300-«Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша XІІ Республикалық студенттердің пәндік онлайн олимпиадасы MICROSOFT TEAMS платформасында онлайн форматта өтіп, сайыс қорытындысы бойынша университеттің «5В020300-Тарих» ББ бойынша жасақталған «Тарихым» командасы жүлдері ІІІ орынды иеленді. Команда жетекшісі Тарих және дінтану кафедрасының доценті, т.ғ.к. Аман Әлібек Бақытжанұлы, команда құрамы: капитаны 4-курс студенті Джумагалиева Нурия, мүшелері 4-курс студенттері Жұмабаева Салтанат, Ғұбайдуллина Мөлдір, 3-курс студенті Нұрланов Еламан.
Команда «XІІ Республикалық студенттердің пәндік онлайн олимпиадасында жалпыкомандалық есепте ІІІ орын иеленгені үшін» дипломммен, команда жетекшісі «XІІ Республикалық студенттердің пәндік онлайн олимпиадасына команда дайындағаны үшін» алғыс хатпен марапатталды.
Олимпиаданың мақсаты студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып көрсету, студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруда көмек көрсету, ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту болып табылады.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде командалардың бейне таныстырылымы өткізіліп, университетінің, факулътетінің жетістіктері презентацияланды. «Интеллектуал» деп аталатын екінші кезең «Капитандар конкурсы» және «Шығармашылық Challenge» деген екі бөлімнен тұрып, сайыстың екінші түрі челленджінің видеобейнесі форматында өтіп, студенттер Абай өлеңдерін оқыды. Олимпиаданың үшінші кезеңі үй тапсырмасына берілген «Абай мұрасы және қазіргі жастар» тақырыбында ғылыми жобалар конкурсына «Тарихым» командасы «Абай мұрасы жастар тәрбиесінің қайнар көзі» атты ғылыми жобасын ұсынды.
Команданы олимпиадаға дайындауға атсалысқан Тарих және дінтану кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., доцент Ізбасарова Гүлбану Болатқызына, аға оқытушы, тарих магистрі Сарбаев Асқар Бердімұратұлына және басқа да тілекші оқытушылар мен факультет басшылығына алғыс білдіреміз.

2020 жылдың 4 қарашасында университетіміздің 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шарада, университет ректоры, профессор Ердембеков Бауыржан Аманкелдіұлы студенттерге тәлім-тәрбие мен болашаққа бағдар беруде ерекше еңбек еткен ұстаздар мен құрылым басшыларын «Қ.Жұбанов», «Университетті дамытудағы еңбегі үшін», «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің еңбек ардагері» медалдары және «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне 85 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.
Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры – Абенова Бибигуль Сейілқызына «Университетті дамытудағы еңбегі үшін» медалі, Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры – Бекназаров Рахым Ағыбайұлына «Қ.Жұбанов» медалін табыстады.
Тарих факультетінің деканы Купенова Гулмира Ыхласқызын, «Тарих және дінтану» кафедрасының меңгерушісі Избасарова Гулбану Болатқызын, «Оқу-әдістемелік жұмыс және қашықтықтан білім беру» департаментінің жетекшісі Кадиркулова Айнур Нураддинқызын «Университетті дамытудағы еңбегі үшін» медалімен марапаттап, шығармашылық табыстар тіледі.
Факультет тарапынан біз сыйлайтын, тұлғалы ұстаздарымызды еңбектерінің жемісімен құттықтап, дендеріне саулық, отбастарына амандық, бақ-береке тілейміз!

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуына қосқан үлесі мен Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруға арналған байқаудың нәтижесі бойынша үздік жоба дайындағаны үшін ҒАЛЫМДАРға құрмет көрсетілді.
Университет ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін ректор АЛҒЫС Хатымен
1. Аман Алибек Бакытжанулы – Тарих және дінтану кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты
2. Шалманова Алия Бакитжановна – 7М02201 «Тарих» мамандығының 2 курс магистранты

2020 жылдың 19 қарашасында университетіміздің 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шарада, университет ректоры, профессор Ердембеков Бауыржан Аманкелдіұлы студенттерге тәлім-тәрбие мен болашаққа бағдар беруде ерекше еңбек еткен ұстаздарды”Университетті дамытудағы еңбегі үшін” медалдары мен Г.Т.Кубесова., А.З.Айдарова және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне 85 жылдық мерейтойына орай университет дамуына қосқан елеулі еңбектері үшін ректордың алғыс хатымен Б.С. Нурпейсова., С.У Айгужина., А.М.Сергеева Г.Д.Хусаинова., Р.Б.Тасқымбаева А.Т.Маден. М.Ж. Өмірзақоваларды марапаттады.
Факультет тарапынан ұстаздарымызды еңбектерінің жемісімен құттықтап, дендеріне саулық, отбастарына амандық, бақ-береке тілейміз!

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында университет ректоры Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін «Тарих және дінтану» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д, Ізбасарова Гүлбану Болатқызын Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен» марапаттады. Факультет тарапынан Гүлбану Болатқызын еңбегінің жемісімен құттықтап, деніңе саулық, отбасына амандық, бақ-береке тілейміз!

2021 жылдың 8-қаңтарында  Тарих факультетінде «Zhubanov  олимпиадасы» аясында  «Тарих және дінтану» кафедрасы тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Еспенбетова Айнагүл Мейрамбекқызы  «Тұлғалар тарихы- ел тарихы»  тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Шара мақсаты- ел тарихында өшпес ізі қалған тарихи тұлғалардың өнегелі істері мен мұраларымен таныстыра отырып, есімдерін ұлт жадында мәңгі сақтау. Шара барысында оқушылар танымдық-ақпараттық тапсырмалар (Мәтінмен жұмыс, «Суреттер сөйлейді», «Бейнефильм тартуы») орындалды және Ақтөбе өңірінің жау жүрек батырлары Бөкенбай Қараұлы, Есет Көтібарұлы, Есет Көкіұлы, Тілеу батырлар және қазақтың белгілі ғалымдары Құдайберген Жұбанов, Бекежан Сүлейменовтердің тарихтағы рөлі жайында ғылыми-танымдық мағлұматтар берілді. Шеберлік сағаты қызықты өтіп, оқушылар өткізілген шара бойынша пікірлерін ортаға салып, ризашылықтарын білдірді.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің базасында өткен ҚР ЖОО-ы арасында 5В011400 – «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша XII Республикалық студенттердің пәндік онлайн олимпиадасына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті атынан «Шамшырақ» командасы қатысқан болатын.

Білім сайысы 3 турдан өтілді. І тур – «Таныстыру», ІІ тур- «Зияткерлік» деп аталып, 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – «Капитандар сайысы», екінші кезең – «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» бойынша шығармашылық challenge орындау. ІІІ тур – үй тапсырмасы «Абай әлемі және бүгінгі қоғам» тақырыбында ғылым жобалар конкурсынан тұрды.

Біздің тарихшылар командасы олимпиада барысында білім ордасының өзіндік ерекшеліктері мен жетістіктерін әртүрлі формада таныстырды. Батыс аймақтағы киелі жерлердің тарихын арнайы маршурттармен challenge ретінде көрсетті. Білімдік сайысында да топ берілген барлық сұрақтарға дұрыс,толық, нақты жауап берді.

«Абай шығармашылығы мен Елбасы Н.Ә.Назарбаев саясатының сабақтастығы» тақырыбында даярланған ғылыми жобасы да әділқазылар тарапынан да жоғары бағаланды.

Білім сайысының барлық турларында «Шамшырақ» командасы жақсы нәтижелер көрсетіп, олимпиаданың негізгі екі көрсеткіші бойынша да жүлделі орындарды иеленді. Жалпы командалық есеп бойынша жүлделі -3 орынды алса, жеке көрсеткіш бойынша команда капитаны – Байкулова Айгерім жүлделі 3 орынды иеленді.

«Шамшырақ» командасының жетекшісі – тарих және дінтану кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлыгүл Сапаққызы Аликулова болды. Команда құрамында «Тарих» мамандығының 3-4 курс студенттері: Байкулова Айгерим, Телбаева Назира, Аманжолова Манар, Ескуатов Манарбек болған болатын.

Білім додасында университетіміздің намысын қорғап, жүлделі орынға ие болған тарихшыларымыздан құралған «Шамшырақ» тобы мүшелерін: Нұрлыгүл Сапаққызы Аликулова, Байкулова Айгерим, Телбаева Назира, Аманжолова Манар, Ескуатов Манарбектерді жеңістерімен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық және шығармашылық жетістіктер тілейміз!

2020 жылдың 13 қараша ҚР Аккредиттеу және Рейтингтің Тәуелсіз Агенттігі тарапынан мамандандырылған аккредиттеу жүргізіліп, нәтижесінде 6B01601- «Тарих»  мамандығы 7 жыл мерзімге аккредиттелді.

2020 жылдың 13 қараша ҚР Аккредиттеу және Рейтингтің Тәуелсіз Агенттігі тарапынан мамандандырылған аккредиттеу жүргізіліп, нәтижесінде 6В02201- «Тарих»  мамандығы 5 жыл мерзімге аккредиттелді.

2020 жылдың 13 қараша ҚР Аккредиттеу және Рейтингтің Тәуелсіз Агенттігі тарапынан мамандандырылған аккредиттеу жүргізіліп, нәтижесінде 6B01511- «География -Тарих»  мамандығы 5 жыл мерзімге аккредиттелді.

2020 жылдың 13 қараша ҚР Аккредиттеу және Рейтингтің Тәуелсіз Агенттігі тарапынан мамандандырылған аккредиттеу жүргізіліп, нәтижесінде 7M02201- «Тарих»  мамандығы 5 жыл мерзімге аккредиттелді.

2020 жылдың 13 қараша ҚР Аккредиттеу және Рейтингтің Тәуелсіз Агенттігі тарапынан мамандандырылған аккредиттеу жүргізіліп, нәтижесінде 7M01601- «Тарих»  мамандығы 5жыл мерзімге аккредиттелді.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымы ұстаздар күні және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 85 жылдық мерейтойы қарсаңында іргелі оқу ордасында ұзақ жылдар қызмет жасап, білім саласын дамытудағы еңбектері және әртүрлі деңгейдегі жеткен жетістіктерге үшін Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушы-қызметкерлерін алғыс хаттармен және 50 мың теңге көлемінде сыйақы сертификаттарымен марапаттады.

Олардың қатарында тарих факультетінен – тарих факультеті деканы, доцент Гүлмира Ықылысқызы Купенова, тарих ғылымдарының докторы Гүлбану Болатқызы Избасарова, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлыгүл Сапаққызы Аликулова, философия ғылымдарының кандидаты Дмитрий Анатольевич Мацюк, тарих магистрлері Айнур Жақыпқызы Қалыбаева, Айнур Сандібекқызы Шинтемирова, география магистрлері Гүлнұр Жасұланқызы Шумакова, Айжарқын Сұлтанбекқызы Нургазиналар болды.

Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтап, дендеріне саулық, жанұяларына амандық және шығармашылық табыстар тілейміз!

Тарих факультетінің деканы Гулмира Ыхыласқызы Купенова жаңа жыл қарсаңында «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының конкурсы негізінде көп жылғы еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін АЛҒЫС ХАТ және 2020 жылдың қорытындысы бойынша «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДЕКАНЫ» атты төсбелгісімен марапатталды.

Гулмира Ыхласқызын марапатымен құттықтай отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, еңбекте толағай табыстар тілейміз!

Университетті «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2020» байқауында таныстырған жеңімпаздардың бірі Бекназаров Рахым Агибаевич болды

Байқау жеңімпаздарына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктілігін арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі.

Биылғы байқауға Республиканың 73 жоғары оқу орнынан 623 үміткер қатысты. Оқытушылардың қызметі екі блоктан тұратын үміткерлердің жұмысын бағалаудың өзекті сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланды: I блок-оқыту сапасы, II блок-ғылыми-зерттеу қызметі.

Биыл алғаш рет “ЖОО үздік оқытушысы-2020” байқауына қатысуға өтінімдерді беру, құжаттарды тексеру рәсімі, сондай-ақ апелляция ҚР БҒМ ақпараттық жүйесі арқылы онлайн-режимде өткізілді. Үміткерлердің алған балдары ақпараттық жүйеде жарияланды және конкурс үміткерлеріне нәтижелерімен онлайн-режимде танысуға мүмкіндік болды.

27 желтоқсанда Тарих факультетінде орын алған  маңызды оқиғалардың бірі білім мен ғылымның, тәрбие ісінің дамуына ерекше бағыт беретін төрт нысанның ашылуы. Олар: Археология,этнография ғылыми-зерттеу орталығы, Өлкетану орталығы, ІТ кабинет және «History Place» Коворкинг алаңы. Аталған нысандардың ашылуына университет басшылығы, факультет ұжымы, студенттер мен магистранттар және Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің  басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы бағыттарды жүзеге асыру үшін қазіргі таңда елімізде археологиялық және этнографиялық зерттеулердің маңызы мен мәні артуда. Осы тұрғыдан алғанда факультетте ашылған Археология, этнография орталығының атқаратын қызметі зор болмақ. Қазақстанның, оның ішінде батыс өңірдің ежелгі дәуірден Алтын Орда кезеңіне дейінгі археологиялық ескерткіштерін іздеу, зерттеу, ғылыми айналымға енгізу жұмыстары жүргізіледі. Әсіресе орталық Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары аумағындағы ғұн-сармат кезеңінің ескерткіштерін зерттеуге басымдық береді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсеткендей ұлттық кодты сақтап ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруда салт-дәстүрлердің алатын орны зор. Осы мақсаттағы жұмыстар этнографиялық зерттеу орталығының басты жұмыс бағытына айналатыны сөзсіз.

Елбасы өзінің 2017 жылы 12 сәуірде жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық сипаттағы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Елбасы отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын айтқан болатын. Тәуелсіз еліміздің жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеудің сан алуан жолдары бар. Солардың бірі-тарихи өлкетану жұмыстарын пайдалану арқылы тәрбиелеу. Осы мақсатта ашылған Өлкетану орталығы осы сұраныстарға жауап береді деп ойлаймыз.

Орталық өз өлкеміздің ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихын, архитектуралық ескерткіштерін, әдебиетін, географиясын, топономикасын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, және аймақтың атақты тұлғаларын зерттеумен, насихаттаумен айналысады. Орталық жұмысына университет оқытушыларымен бірге студенттер, магистранттар және докторанттар да тартылатын болады. «History Place» Коворкинг алаңы студенттердің түрлі интеллектуалдық іс-шараларын өткізуге, оның ішінде дөңгелек үстелдер, пікір-талас, байқаулар т.б. ұйымдастыруға арналған. Сондай-ақ студенттік ұйымдардың да шаралары осы жерде өткізіледі. Коворкинг алаңының ашылуы барысында факультетте өткен жылы ашылған «Жас келіндер мектебі» жобасының маңыздылығы, «Қобыланды» дебат клубының жұмыстары да насихатталды. Жоба қатысушылары жастар тәрбиесінің болашақ отбасы құрлымына тікелей әсер ететіндігін атап өтті.

ІТ кабинет университет оқытушыларының ғылыми-әдістемелік еңбектерінің электронды нұсқаларын жинақтауға, түрлі мультимедиялық және презентациялық жұмыстар қорын жасақтауға арналған.

Шара барысында университет басшылығы мен Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Өзара ынтымақтастықтың басты мақсаты білім беру мен ғылыми-зерттеу жұмыстары саласында аталмыш орталықтарды пайдалана отырып, бірлесе жұмыс жасау.

Шара қорытындыланып, университет ректоры Б.А.Ердембеков аталған нысандарың одан арғы жұмысына өз ұсыныстарын білдіріп, сәттілік тіледі.

Бүгін, 15 қаңтарда, тарих факультетінің ғылыми-инновациялық жұмысының негізгі жетістіктері ұсынылған көрме ұйымдастырылды. Көрмеде негізінен келесі жетістіктер ұсынылды.

  1. Ақтөбе облысы бойынша 2019-2020 жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы мәліметтер келтіріледі. 2020 жылы шыққан ПОҚ монографиялары.
  2. студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсына География, 01 тарих, 02 Тарих білім беру бағдарламалары бойынша командалар қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
  3. ҚР жоғары оқу орындары студенттері арасындағы ХІІ Республикалық пәндік олимпиадада 6в01506-География мамандығының 1 курс студенті Балғабеков Айдын жеке есепте 3-орынды иеленді (Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті). С. Аманжолова, 05.05.2020 ж., жетекшісі Сергеева а. м.).
  4. ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы XII Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға 6В11101 – “Туризм” мамандығының командасы қатысты,” Туризм “мамандығы бойынша қашықтықтан олимпиадаға” цифрландыру және виртуалды туризм ” тақырыбында жоба қорғап, жүлделі 2 орынға ие болды (Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті). С. Аманжолова, жетекшілері: Әбденов А.Ж., Өмірзақова М. Ж.).

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес «Nur Otan» партиясының атынан сайлау учаскелерінде байқаушы ретінде қатысқан белсенді партия мүшелеріне Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Алғыс хаты табысталды. Марапат иелеренің қатарында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің т.ғ.к.,аға оқытушысы Ғанибаева Жайдарман Ануаровна Алғыс хатта: «Партияның бүгінгі күндегі жетістігі – Сіз сияқты жүздеген мың белсенді азаматтың қажырлы еңбегінің жемісі», – делінген. Университеттегі әріптестеріміз сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын да белсене қатысты. Жастарға білім мен тәрбие беруге саналы ғұмырын арнап келе жатқан құрметті әріптесімізге толағай табыс тілейміз.

Тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, “тарих және дінтану” кафедрасының меңгерушісі Ізбасарова Гүлбану Болатқызы өзінің ғылыми жобасын дамытуға ҚР БҒМ грантының иегері атанды.

“XVIII – XX ғғ. 30-жж. Ұлы Даланың тарихи тұлғалары (Батыс Қазақстан материалдарында)” Кеңестік Қазақстанның империялық және бастапқы кезеңі тарихындағы олқылықтың орнын толтырады, “Архив – 2025″бағдарламасын жүзеге асырудың бір бөлігі болып табылады. Зерттеу кеңестік кезеңдегі қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының, билерінің, қазақ зиялыларының саяси портреттерін қайта жасауға бағытталған.

Университетішілік “Үздік әдіскер-оқытушы – 2021” байқауының шешуші екінші кезеңі 2-3 наурыз аралығында ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды. Тарих факультетІнің мүддесін қорғап шыққан А.Л.Перевезенцев, Г.Ж.Сулейменова, А.Т.Маденге алғыс білдіреміз.

Байқау қорытындысы бойынша Тарих және дінтану кафедрасының доценті, т.ғ.к. А.Т.Маден Үздіктер қатарынан көрініп, жеңімпаз атанды, ІІІ орын иеленді.

Әріптесіміз Асылбек Төреханұлын жүлделі жеңісіңісімен құттықтай отырып, кәсіби шеберлігіңіз шыңдала берсін демекпіз.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і ұйымдастыруымен 2021 жылдың 29 сәуірінде, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы 2020-2021 оқу жылының ХІІІ Республикалық дінтану және теология пән олимпиадасы өтті.

Республикалық олимпиадаға дінтану және теология мамандықтары бойынша оқитын 7 команда қатысты. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінен, Тарих факультетінің 5В013000 -Тарих-Дінтану» мандығында оқитын 3-курс студенттері қатысты: Досов Нұрбек Елдосұлы, Шаукебаева Айдана Өмірзаққызы, Жалғасбайқызы Гүлфариза.

Олимпиада 3 кезеңнен тұрды:
I кезеңде – «Топтық жоба» – «Тәуелсіздік жылдарындағы дін: зайырлы мемлекеттің қазақстандық моделі» тақырыбында дайындалған еркін форматтағы топпен жасалған жұмысты таныстыру және қорғау болса, II кезеңде «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» – теориялық білімді тексеруге арналған «Kahoot» жүйесіндегі тест тапсырмаларына жауап іздеді. III кезеңде «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы» – студенттердің Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекет саясатының принциптерін, Қазақстан Республикасында таралған конфессиялар қызметін білу деңгейін анықтауға арналған бөлім болып, онда өз ойларын дәлелдеуге ұмтылды.

3 кезеңнің қорытындысы бойынша командалық есепте
1️⃣орынды Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

2️⃣орынды Нұр Мүбарак Египет ИМУ

3️⃣орынды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен А.Яссауи атындағы ХҚТУ студенттері иеленді.

Ақтөбелік команда жетекшісі: «Тарих-Дінтану» кафедрасының аға оқытушысы, тарих-педагогика магистрі Сайынов Дәурен Абайбекұлы.

Олимпиадада университетіміздің намысын қорғап, жүлделі 3 орынға ие болған студенттеріміз Досов Нұрбек, Шаукебаева Айдана, Жалғасбайқызы Гүлфаризаны құттықтаймыз!

Тарих ғылымына өзіндік қолтаңбасымен келіп,  ХVІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстан тарихындағы ақтаңдақ беттерін зерттеуге үлес қосып,  шетелдік беделді журналдарда да мәселенің мәнін ашып, ел тарихын шетелдік ғалымдарға да мойындатып жүрген тарих ғылымдарының докторы,  доцент, кафедра меңгерушісі ИЗБАСАРОВА ГҮЛБАНУ БОЛАТОВНАға «Ғылыми атақ беру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 219  бұйрығымен
Профессор ғылыми атағы 07.00.00 – Тарих     мамандығы бойынша берілді.
Гүлбану Болатовнаны ұжым атынан осы марапатымен шын жүректен құттықтап, ғылымға қосар үлесі мен шәкірт дайындаудағы еңбектеріне шығармашылық табыстар тілейміз!

2021 жылдың наурыз – мамыр айларында университетте «Кәсіптік практиканың үздік базасы – Creating future» конкурсы өтті. Конкурсқа университеттің өндірістік практика базалары қатысқан болатын. Конкурс нәтижесі бойынша «Тарих және дінтану» мен «География және туризм» кафедраларының практика базалары келесі жүлделі орындарға ие болды:2021 жылдың наурыз – мамыр айларында университетте «Кәсіптік практиканың үздік базасы – Creating future» конкурсы өтті. Конкурсқа университеттің өндірістік практика базалары қатысқан болатын. Конкурс нәтижесі бойынша «Тарих және дінтану» мен «География және туризм» кафедраларының практика базалары келесі жүлделі орындарға ие болды:

• Ақтөбе облыстық тарихи – өлкетану мұражайы корпоративтік қарым-қатынастардың ең үздік жүйесі-көшбасшы атанды;

• Тарих-дінтану кафедрасының филиалы және практика базасы – Новый мектеп-лицейі «Үздік кафедра филиалы» болып танылды.

• Жас туристер стансасы – 3 орын

• №39 ЖББОМ – 2 орынСонымен қатар, «География және туризм» кафедрасы «Педагогикалық практиканы ұйымдастыру бойынша үздік кафедра» номинациясына ие болды. Құттықтаймыз!

Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де ҚР жоғары оқу орындары студенттері арасындағы ХІV Республикалық «Дінтану және Теология» пәндік олимпиадасы аяқталды. ЕҰУ,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті,  Қ. А. Яссауи атындағы ХҚТУ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚМУ жоғары оқу орындарынан келген командаларымен бақ сынасқан  Қ. Жұбанов атындағы АӨУ-нің 6В01602-тарих-дінтану мамандығының 3-курс студенттері жалпы командалық 3-орынды иеленді. Факультет оқытушыларын және команда мүшелері — Балқұл Рахат Мақсатұлы, Кәрім Мақсұтбек Бекжанұлы, Нұрлан Асылжан Нұрланқызы. Студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз.

ҒАЛЫМҒА А.БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОРДЕН ТАБЫС ЕТІЛДІ

Бүгін Жұбанов университеті Тарих факультетінің кезекті ғылыми кеңес отырысында профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Абенова Бибігүл Сейілқызы “Қазақстанның білім және ғылым жүйесінің дамуына қосқан айрықша үлесі және жоғары білікті мамандарды дайындаудағы ерен еңбегі үшін” А.Байтұрсынов атындағы орденмен марапатталды. Аталмыш орден ғалымның заман талабына сай білім берудің жаңа жүйесін қалыптастырудағы ерен еңбегіне деген жоғары баға екенін ерекше атаған жөн.

Сонымен қатар, Бибігүл Сейілқызының Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) тарапынан жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілікті арттыру саласындағы атқарған үздіксіз қызметі де құрметке ие болып, IAAR бас директорының алғыс хатымен марапатталды, “IAAR Үздік эксперті” сертификатына ие болды. Қазақстанның, ТМД және Еуропаның жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеуді жүргізу бойынша кең трансшекаралық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашып келе жатқан IAAR агенттігінің бұл марапаттары ғалымның қажырлы еңбегіне лайық деп санаймыз және ғалымның іскерлігін мойындау деп білеміз.

Тарих факультетінің ұжымы Бибігүл Сейілқызына білім беру саласындағы ерен еңбегінің жетістіктері мен білім сапасын арттыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдіре отырып, отбасыңызға амандық, ғылым жолындағы еңбегіңізге мол табыстар тілейді.

“Заманауи зерттеулер – 2022” халықаралық байқауы Сербияда өткізіліп, “Society for Academic Activity” ұйымдастырылды. Халықаралық байқауға қатысу танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тұлғаның өзін – өзі жүзеге асыруына ынталандыру үшін жағдай жасайды, студенттерді ғылыми-жобалық қызметке тартуға бағытталған, құрастыру және модельдеу дағдыларын қалыптастырады.

Байқаудың негізгі мақсаты жастар мен жастарды ғылыми зерттеулерге тарту болып табылады.

🏆Доцент, т.ғ.к. Бегімбаева Жібек Сағынбайқызының ғылыми жетекшілігімен студенттер халықаралық байқауда жеңіске жетті!

🏆5В020300 Тарих білім бағдарламасы 4 курс студенті Сарсенов Шакидулла, 3 курс студенті Мохиборода Виктория, II дәрежелі Диплом алды!

🏆6В02201 Тарих білім бағдарламасы 2 курс студенттері Ходжабердиева Ұлболсын, Айгүл Биболатқызы, III дәрежелі Диплом алды!

📚Ғылыми жобалар халықаралық “Рамонда” альманах журналында жарияланады. Халықаралық байқаудағы жеңісіңізбен құттықтаймыз!

2022 жылдың 29 cәуір күні А. Байтұрсынов  атындағы Қостанай өңірлік университетінде 5В011400 – «Тарих» мамандығы мен білім беру бағдарламасы бойынша XІІI Республикалық студенттердің пәндік  олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінен тарихшылардан құрылған «Шамшырақ» командасы қатысты.
Олимпиада онлайн форматта, үш кезеңнен тұрды. І –кезең. Команданы таныстыру. ІІ кезең – «Зияткерлік» деп аталып, «Капитандар конкурсы» және «Өңірден шыққан белгісіз алаш қайраткерлер» бойынша шығармашылық эстафетадан тұрса, ІІІ кезең – «А.Байтұрсынов мұрасы мен бүгінгі қоғамның өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми жобалар конкурсы болды.
Аталған білім сайысында тарихшылардың «Шамшырақ» командасы барлық кезеңдерде де жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте, жүлделі – 2 орынды иеленді.
Команда құрамында «Тарих» мамандығының 4 курс студенттері: Ескуатов Манарбек, Аманжолова Манар және 6В01601 – «Тарих» білім беру бағдарламасының 2 – курс студенттері: Әміржанов Жанарыс, Сайранова Мөлдір болды. Командаға тарих ғылымдарының кандидаты Аликулова Нұрлыгүл Сапаққызы жетекшілік жасады.
Білім сайысында оқу орнының намысын қорғап, жүлделі орын алған  «Шамшырақ» командасы мүшелерін және оның жетекшісі Нұрлыгүл Сапаққызын жеңістерімен құттықтап, еңбектеріне шығармашылық табыстар тілейміз!

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен 25-қазан — Республика күніне ұлттық мереке дәрежесі берілген биылғы мереке ерекше атап өтілуде. Еліміздің әр саласының дамуына ерең еңбек сіңірген қайраткерлер мемлекеттік наградалармен марапатталуда.

Соның ішінде білім саласының дамуына өз үлесін қосып, ғылым мен инновацияның дамуына көп жылғы еңбегін сіңірген университетіміздің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, т.ғ. д., профессор Рахым Ағыбайұлы Бекназаров «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Тарих факультетінің ұжымы мен студенттері сізді абыройлы марапатыңызбен құттықтайды!

Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, еңбекте табыс тілейміз!

Бүгін яғни 19 қазан күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Тарих факультетінің базасында Ресей және Қазақстанның жас этнологтар мектебінің отырысы өтті. Шара үш күнге созылады. Шараны Орынбор мемлекеттік университетінің Оңтүстік Оралдың тарихы мен этнографиясы ғылыми-зерттеу институты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті бірлесіп ұйымдастыруда. Биылғы мектеп этнологияның өзекті мәселелеріне арналған. Жалпы үш күндік ғылыми семинар барысында Ресей мен Қазақстанның т.ғ.д., профессор В.А.Тишков (РФ., Мәскеу қ.), т.ғ.к., доцент Ф.Г.Галиева (РФ., Уфа қ.), т.ғ.д., профессор М.Н.Сдыков (ҚР., Орал қ.), т.ғ.к. И.В.Стасевич (РФ., Санкт-Петербург), т.ғ.д., профессор И.И.Шангина (РФ., Санкт-Петербург), т.ғ.д., доцент Р.А.Бекназаров (ҚР., Ақтөбе қ.), т.ғ.к. Е.И.Ларина (РФ., Мәскеу қ.), т.ғ.к. О.Б.Наумова (РФ., Мәскеу қ.), т.ғ.д. Т.А.Титова (РФ., Қазан қ.), т.ғ.д., профессор Г.Б.Избасарова (ҚР., Ақтөбе қ.),, т.ғ.д., профессор А.Б.Қалыш (ҚР., Алматы қ.) сынды жетекші тарихшы-этнограф ғалымдары жас этнологтарға дәрістер оқып, шебер-кластарын өткізетін болады. Семинарға аталған екі елдің жоғары оқу орындарының этнологиямен айналысатын студенттері мен магистранттары қатысуда.

Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев Қоры студенттік шәкіртақылар республикалық байқауының 80 жеңімпазына құрмет көрсетілді. «ЖасSTAR» халықаралық шығармашылық жастар фестивалі аясында шәкіртақы сертификаты салтанатты түрде табысталды.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Тарих факультеті, Тарих-Дінтану мамандығының 4 курс студенті Нұрлан Асылжан Нұрланқызы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры стипендиясының иегері атанды!
Құттықтаймыз!

2022 жылдың 18 сәуірі мен 30 маусымы аралығында өткен биылғы байқауға 293 өтінім түсті. Атап айтқанда, «Өнер және мәдениет» бағыты бойынша 25 оқу орнынан 112 өтінім, ал «Ғылым» бағыты бойынша 40 жоғары оқу орнынан 181 өтінім келіп түсті. Байқау бүкіл Қазақстанды қамтыды.

Байқау шартына сәйкес, 80 студент жеңімпаз деп танылды. Алматы қаласында өткен салтанатты рәсімде олардың есімдері жарияланды.

Стипендиялық бағдарламаның мақсаты дарынды жастарды анықтау және студенттердің оқу, ғылыми, шығармашылық және қоғамдық-пайдалы қызметін көтермелеу болып табылады. 2010 жылдан бері 879 қазақстандық студент Қордың стипендиаты атанды.

КеАҚ «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті»

6В01602- «Тарих-Дінтану» білім бағдарламасының  4 курс студенті

Нұрлан Асылжан Нұрланқызының

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

Халықаралық жетістіктер тізімі:

  • ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойына орай өткізілген «Түркі әлемінің үздік студенті-2021» атты халықаралық байқауының І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМЫ
  • «БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ДАМЫҒАН ҚОҒАМНЫҢ ИНДИКАТОРЛАРЫ» III халықаралық ғылыми-практикалық интернет конференциясына қатысқаны үшін сертификат көшірмесі. Нұр-Сұлтан, 2021 жыл.

Республикалық жетістіктер тізімі:

  • «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы жастар жылы аясында еліміздің студенттері мен магистранттарын қолдау мақсатында тұңғыш ұйымдастырылған «Үздік студенттер академиясы» жобасына қатысқаны үшін құттықтау хат көшірмесі және «Үздік Студенттер Академиясының» мүшесі
  • ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ тапсырысымен «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен өткен, «Мен елімнің ертеңімін» инстаграм желісінде эссе(пост) жазу байқауы сертификат көшірмесі
  • ҚР жоғары оқу орындары студенттері арасындағы XIV республикалық Дінтану және Теология пәндік олимпиадасында дінтану бағыты бойынша жалпы командалық III орын диплом көшірмесі. Нұр-Сұлтан, 2022 жыл.
  • Тарих факультеті, т.ғ.д., профессор Х.Хабиев атындағы қоғамдық қоры «Жас Отан. Жастар қанатының» қолдауымен 2022 жылдың 4-7 сәуір аралығында дәстүрлі «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында өткізілген Х.Хабиев атындағы республикалық байқауға қатысқаны үшін алғыс хат көшірмесі. Алматы, 2022 жыл.
  • Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы ұйымдастырған, «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық байқауына қатысып, II кезеңіне жолдама алып, белсенділік танытқаны үшін, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының Төрағасы – А.Т.Перуашев атынан алғыс хат көшірмесі. Ақтау, 2021 жыл.
  • 2021 жылғы 20 қазанда Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында өткізілген «Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихы: зерттелуі мен мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасағаны үшін сертификат көшірмесі. Алматы, 2021 жыл.
  • ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі тапсырысымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕ АҚ үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік грантының «Тарих ақтаңдақтары» саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жобасы аясында, «Әлихан Бөкейхан университеті» қолдауымен «Салауат» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан қасіреті» тақырыбында ЖОО студенттерінің арасында Республикалық ғылыми жобалар байқауы III орын диплом көшірмесі. «Салауат» ШҚО, 2021 жыл.

Қалалық, облыстық, аймақтық жетістіктер тізімі:

  • Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің кубогіне арналған аймақтық «ZHANGIR CUP III» дебат турнирі сертификат, «Ұлттық патриотизм – азаматтық пен парасаттылық белгісі» атты пікірсайыс турнирі алғыс хат көшірмесі
  • Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған,  түрік тілі курсының орта деңгейін толық меңгеріп, курстан өткендігін куәландыратын сертификат көшірмесі
  • MDSG (Mugalim Development Scholarship Group) ұйымдастырған семинарда, «MDSG Talks» номинациясы бойынша ең үздік спикер I орын диплрм көшірмесі
  • Ағылшын тілінің деңгейі – В1.
  • «Ұлттық патриотизм – азаматтық пен парасаттылық белгісі» атты пікірсайыс турнирі алғыс хат көшірмесі. Ақтөбе, 2020 жыл.
  • «ҚР халқының тілдері күні» мерекесіне орай өткізілген «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты пікірсайыс турнирі I орын. Ақтөбе, 2019 жыл.
  • Облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Жас Журналист» онлайн курсына қатысып, БАҚ және әлеуметтік желімен жұмыс тәсілдерін бастапқы деңгейде меңгергені үшін сертификат көшірмесі

Университетішілік жетістіктер тізімі:

  • Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті мен «Музыка және хореография» кафедрасының ұйымдастыруымен, Ұлы Жеңіске 75 жыл толуына орай, «Ұлы жеңіс» атты патриоттық онлайн өнер байқауы «КӨРКЕМ СӨЗ» жанры бойынша ІІІ орын диплом көшірмесі
  • Тәуелсіз ҚР-ның 30 жылдығына арналған «Ғылым апталығы – 2021» аясында ұйымдастырылған, «ТАРИХИ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ» атты студенттер арасындағы онлайн ғылыми-теориялық конференциясы диплом көшірмесі
  • «Менің әдістемелік кеңістігім» – әдістемелік марафонының аясында «XIX ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы ағартушылық ойлардың қалыптасуы мен дамуы» атты ашық семинар сабағына белсенділік танытқаны үшін мадақтама
  • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті КеАҚ Басқармасының 2021 жылғы «09» 11 шешімімен (№7 хаттама) «Үздік Студент» медалі куәлік көшірмесі.0

Байланыс телефоны: 8 771 229 6215 . nurlan.asylzhan@bk.ru

Жұбанов университетінің 10 студенті «Үздік студент» төсбелгісімен марапатталды.

Соның ішінде Тарих факультетінің «Тарих» білім бағдарламасының 3-ші курс студенті Иван Оралсын Айтқұлұлын факультет атынан марапатымен құттықтаймыз!

Оқуда озат болып, биік жетістіктеріңмен ерекшелене беруіңе тілектеспіз !

В 2021 году на 1 семестре 3 курса обучения студентка исторического факультета по специальности «6В02201 – История» Мохиборода Виктория Вячеславовна, учувствовала по программе академической мобильности. Обучалась в Казанском (Приволжском) федеральном университете в Российской Федерации, г.Казань

Мен, Мамбетова Гүлдана Абайқызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік Университеті, тарих және дінтану кафедрасының 3-курс докторанты, аусым айының 1-30 аралығында Түркиядағы Стамбул қаласы Стамбул университеті жанындағы әл-Фараби Еуразиялық зерттеулер орталығында тәжірибе алмасып қайттым.

Факультетім маған  100 мың студенті бар, 5000-ға жуық профессорлық-педегогикалық құрамы бар және 767 түрлі мамандықтар бойынша білім беретін халықаралық, тәжірибесі мол жоғарғы оқу орнында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Негізінен ғылыми тәжірибе алмасу Стамбул университеті жанындағы әл-Фараби Еуразиялық зерттеулер орталығында сонымен қатар, ислам тарихы, өнері және мәдениеті ғылыми-зерттеу орталығында өтті. Стамбул университетінің Тарих және Әдебиет факультетінің мемлекеттік кітапханасында Beyazit (Beyazıt Devlet Kütüphanesi)   каталог жұмыстарын жүргіздім,  диссертацияма қатысты дереккөздерді талдауға мүмкіндік алдым.

Негізгі тәжирибе алмасудың мақсаты – отандық  және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерімен, эксперименттік деректерді өңдеу және интерпретациялаумен танысу болды.

Бір айлық тәжірибе алмасудың нәтижесінде ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындық деңгейім анықталды, жаңа методологиялық әдістермен жұмыс жасалынды, зерттеу тақырыбына байланысты тың дереккөздермен жұмыс жасалынды, диссертацияның кейбір кемшілікті тұстары анықталып, оларды түзетулерге қатысты біршама жұмыстар атқарылды.

«Академиялық ұтқырлық бағдарламасы» академиялық алмасу бағдарламасы бойынша түрік елінің жоғары оқу орнына  практика алмасу үшін Тарих-дінтану кафедрасының 4 курс студенті Хабитқызы Перизат “6В02201-Тарих” мамандығы бойынша Түркияның Кастамону университетінде 2021-2022жылдың 2 семестрінде білім алмасты.

Кеше Астанада Ғылым күніне орай өткізілген арнайы жиында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің “Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі” үшін арнайы төс белгісімен Тарих факультетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы ИСМАҒҰЛОВ ҰЗАҚБАЙ ШӘУКЕРҰЛЫН марапаттады.

Құрметті Ұзақбай Шәукерұлы, факультет ұжымы сізді құттықтап, ғылым жолындағы қажырлы еңбегіңізге талмас қайрат пен шығармашылық табыстар тілейді.

МАҢЫЗДЫ ФОРУМ

2023 жылдың 8-9 маусым аралығында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жас ғалымдары Кумыспаев Самат (8D02201 – Тарих білім беру бағдарламасы, докторантура 1 курс), Мырзахан Жандос (7М07106 – Электроэнергетика білім беру бағдарламасы, магистратура 1 курс), Танетова Ләззат (7М04102 – Менеджмент білім беру бағдарламасы, магистратура 1 курс), Жұмағалиева Мөлдір (7M01601–Тарих білім беру бағдарламасы, магистратура 1 курс) Астана қаласында өткен Бірінші Халықаралық Астана форумына қатысты. Форумның негізгі миссиясы – әлемдегі жағдайды ашық талқылау; алдымызда тұрған негізгі сын-қатерлер мен дағдарысты айқындау; осы сын-қатерлерге өзара ынтымақтастық рухында диалог арқылы қарсы тұру; көпжақты қатынастардың ортақ мәдениетін жаңарту және қалпына келтіру; бейбітшілікті, прогресс пен ынтымақты жақтайтын дауыстарды күшейту болды. Тарих факультетінің 1-курс докторанты Кумыспаев Самат (8D02201 – Тарих білім беру бағдарламасы) және 1-курс магистранты Жұмағалиева Мөлдір (7M01601–Тарих білім беру бағдарламасы) «Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік» және «Халықаралық даму және тұрақтылық» панельдік сессияларына қатысты. Іс-шара геосаяси шиеленістің күшеюіне және мемлекетаралық ынтымақтастықтың дәстүрлі модельдерінің түбегейлі өзгеруіне байланысты бұрын-соңды болмаған сын-қатерлерге қатысты жауаптар іздеу үшін әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруге арналған.

Джекбаева Амина-Ақтөбе өңірлік университетінің тарих факультетінің 4 курс студенті. Қ. Жұбанова археология Институтының жетекші ғалымдарымен бірлесіп. А. Х. Марғұлан және Ресей Ғылым академиясының материалдық мәдениет тарихы институтының суретші-реставраторы Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен археология институтының жобаларының біріне қатысады. А. Х. Марғұлан “Ақтөбе облысының 2023-2025 жылдарға арналған мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, жаңғырту және насихаттау”жол картасы бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерін зерттеу бойынша.
Бұл жоба мұражай ісін дамытуға бағытталған, оған соңғы жылдары көбірек көңіл бөлініп келеді және тарихи өткенде Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі халықтың жетістіктерін қоғамда кеңінен насихаттауға ықпал етеді. 2018 жылы Ақтөбе қаласының солтүстігінде солтүстік айналма жолдан табылған археологиялық олжалар ұлы ғұндардан бүгінгі күнге дейін жеткен баға жетпес қазына мен мұраны білдіреді.
Бұл жобаны іске асыру Қазақстанда алғаш рет алтыннан жасалған және асыл тастармен безендірілген жауынгер костюмі мен атқа мінетін заттарды көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қайта құру Каспий жерінің шығысындағы дала екі ғасыр бойы ғұндардың – Еуропаның ұлы жаулап алушыларының мекендейтін жері болғанын дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу, атап айтқанда ғұн костюмін, оның әскери аммунициясы мен ат үстіндегі заттарды ғылыми-көркемдік және табиғи реконструкциялауды қайта құру, ең алдымен, ғұндар дәуіріндегі көшпенділер өркениетінің жетістіктерін қазақстандық және әлемдік жұртшылыққа көрсетуге мүмкіндік береді. Ғұн тайпалары арасында басшы рөлін ойнаған көшпелі жауынгерді қайта құру Қазақстан Республикасы мұражайларының экспозициясында лайықты орын алады.
Сонымен қатар, жоба зақымдалған археологиялық олжаларды қалпына келтіруді көздейді, бұл оларды одан әрі сақтауға оң әсер етеді. Алынған нәтижелер орта мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған түрлі ғылыми, ғылыми-танымал басылымдарды, оқулықтар мен арнайы курстарды жазу кезінде пайдаланылуы мүмкін. Джекбаева Амина-Ақтөбе өңірлік университетінің тарих факультетінің 4 курс студенті. Қ. Жұбанова археология Институтының жетекші ғалымдарымен бірлесіп. А. Х. Марғұлан және Ресей Ғылым академиясының материалдық мәдениет тарихы институтының суретші-реставраторы Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен археология институтының жобаларының біріне қатысады. А. Х. Марғұлан “Ақтөбе облысының 2023-2025 жылдарға арналған мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, жаңғырту және насихаттау”жол картасы бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерін зерттеу бойынша.
Бұл жоба мұражай ісін дамытуға бағытталған, оған соңғы жылдары көбірек көңіл бөлініп келеді және тарихи өткенде Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі халықтың жетістіктерін қоғамда кеңінен насихаттауға ықпал етеді. 2018 жылы Ақтөбе қаласының солтүстігінде солтүстік айналма жолдан табылған археологиялық олжалар ұлы ғұндардан бүгінгі күнге дейін жеткен баға жетпес қазына мен мұраны білдіреді.
Бұл жобаны іске асыру Қазақстанда алғаш рет алтыннан жасалған және асыл тастармен безендірілген жауынгер костюмі мен атқа мінетін заттарды көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қайта құру Каспий жерінің шығысындағы дала екі ғасыр бойы ғұндардың – Еуропаның ұлы жаулап алушыларының мекендейтін жері болғанын дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу, атап айтқанда ғұн костюмін, оның әскери аммунициясы мен ат үстіндегі заттарды ғылыми-көркемдік және табиғи реконструкциялауды қайта құру, ең алдымен, ғұндар дәуіріндегі көшпенділер өркениетінің жетістіктерін қазақстандық және әлемдік жұртшылыққа көрсетуге мүмкіндік береді. Ғұн тайпалары арасында басшы рөлін ойнаған көшпелі жауынгерді қайта құру Қазақстан Республикасы мұражайларының экспозициясында лайықты орын алады.
Сонымен қатар, жоба зақымдалған археологиялық олжаларды қалпына келтіруді көздейді, бұл оларды одан әрі сақтауға оң әсер етеді. Алынған нәтижелер орта мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған түрлі ғылыми, ғылыми-танымал басылымдарды, оқулықтар мен арнайы курстарды жазу кезінде пайдаланылуы мүмкін. Джекбаева Амина-Ақтөбе өңірлік университетінің тарих факультетінің 4 курс студенті. Қ. Жұбанова археология Институтының жетекші ғалымдарымен бірлесіп. А. Х. Марғұлан және Ресей Ғылым академиясының материалдық мәдениет тарихы институтының суретші-реставраторы Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен археология институтының жобаларының біріне қатысады. А. Х. Марғұлан “Ақтөбе облысының 2023-2025 жылдарға арналған мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, жаңғырту және насихаттау”жол картасы бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерін зерттеу бойынша.
Бұл жоба мұражай ісін дамытуға бағытталған, оған соңғы жылдары көбірек көңіл бөлініп келеді және тарихи өткенде Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі халықтың жетістіктерін қоғамда кеңінен насихаттауға ықпал етеді. 2018 жылы Ақтөбе қаласының солтүстігінде солтүстік айналма жолдан табылған археологиялық олжалар ұлы ғұндардан бүгінгі күнге дейін жеткен баға жетпес қазына мен мұраны білдіреді.
Бұл жобаны іске асыру Қазақстанда алғаш рет алтыннан жасалған және асыл тастармен безендірілген жауынгер костюмі мен атқа мінетін заттарды көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қайта құру Каспий жерінің шығысындағы дала екі ғасыр бойы ғұндардың – Еуропаның ұлы жаулап алушыларының мекендейтін жері болғанын дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу, атап айтқанда ғұн костюмін, оның әскери аммунициясы мен ат үстіндегі заттарды ғылыми-көркемдік және табиғи реконструкциялауды қайта құру, ең алдымен, ғұндар дәуіріндегі көшпенділер өркениетінің жетістіктерін қазақстандық және әлемдік жұртшылыққа көрсетуге мүмкіндік береді. Ғұн тайпалары арасында басшы рөлін ойнаған көшпелі жауынгерді қайта құру Қазақстан Республикасы мұражайларының экспозициясында лайықты орын алады.
Сонымен қатар, жоба зақымдалған археологиялық олжаларды қалпына келтіруді көздейді, бұл оларды одан әрі сақтауға оң әсер етеді. Алынған нәтижелер орта мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған түрлі ғылыми, ғылыми-танымал басылымдарды, оқулықтар мен арнайы курстарды жазу кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Бүгін Қ. Жұбанов атындағы АӨУ-нің «Тарих және дінтану» кафедрасының ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің құрметті қонақтары: Қазақ Ұлттық аграрлық ҒЗУ-ның профессоры, тарих ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы, “Комиссар Жүргенов” романының авторы, тарих ғылымдарының кандидаты, жазушы-публицист Қойшыбаев Бейбіт Орынбекұлы болды. Танымдық шараға “Тарих және дінтану”кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері, магистранттары, докторанттары қатысты. Дөңгелек үстелді тарих ғылымдарының докторы, профессоры, проректор Бекназаров Рахым Ағыбайұлы жүргізді. Дөңгелек үстел ашық сұхбат негізінде өткізілді. Кеш қонақтары Темірбек Қараұлының өнегелі өмірі мен халқының болашағына арналған қоғамдық-саяси қызметінің кейбір қырларын ортаға салды. Факультеттің профессорлық- оқытушылық құрамы мен білім алушылары кеш қонақтарына дара ұлт тұлғасы және қазіргі кездегі Отан тарихын зерттеудегі өзекті мәселелері туралы сауалдарын қойып, жауаптар алды.

Биыл Әбілқайыр ханның дүниеге келгеніне 330 жыл толып отыр. Әбілқайыр хан тек Кіші жүз ханы ғана емес. Ол  ХVIII ғ. жоңғар шапқыншылығы тұсында үш жүздің басын қосып, жауға төтеп берген, 1719-1748 жж. Қазақ хандығының аға ханы болды. Қазақ халқына ортақ ұлы тұлғаның есімін ұлықтау мақсатында Ақтөбе қаласында және Әйтеке би, Темір ауданында 11-13 қазан аралығында кең көлемді іс-шаралар өткізіледі.

«Әбілқайыр хан: қолбасшы, билеуші және саясаткер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына Хан моласында 30 жылдан астам кешенді зерттеу жүргізіп, Әбілқайыр хан жерленгендігін дәлелдеген тарих ғылымдарының докторы, профессор Серік Әжіғалимен қатар республикаға белгілі ғалымдар, Әбілқайыр хан тұлғасын және оның заманын зерттеген жетекші шетелдік тарихшылар қатысады. Пленарлық мәжілісте профессор С.Е.Әжіғали Хан моласындағы кешенді зерттеулердің нәтижесі мен ескерткіштану жұмыстары туралы баяндайды.  Ресейлік ғалымдар, тарих ғылымдарының докторлары Мәскеуден РҒА Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері А.Ш.Қадырбаев тарихи деректер негізінде Әбілқайыр ханның саясатына, Д.В.Васильев Әбілқайыр ханның орыс-қазақ қатынастарындағы рөліне тоқталады. Ал калмыкиялық тарихшы В.Т.Тепкеев XVIII ғ. басындағы қазақ-қалмақ қатынастары жөнінде баяндама жасайды. Еліміздің іргелі зерттеулер жүргізетін Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының және Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші қызметкерлері Ғ.А.Шотанова және Е.М.Ужкенов тың архив деректері негізінде Әбілқайыр тұлғасы туралы сөз қозғайды. Белгілі тарихшы А.И.Исин XVIII ғасырдағы қазақ ескі жазба тілінің ерекшеліктеріне назар аударып, Әбілқайыр хан хатына талдау жасайды. Сонымен бірге конференцияға Әбілқайыр ханның жерленген жерін анықтау барысында генетикалық зерттеулер жүргізген Генетика және физиология институтының Этногеномика және палеогенетика орталығының басшысы Л.Б.Джансугурова, Әбілқайыр ханнан тараған ұрпақ А.А. Жангереев, Абылай ханнан тараған ұрпақтар Бексұлтанов Әбілқайыр ағамыз және басқалары қатысады.

Сондай-ақ, конференция аясында профессор Гүлбану Ізбасарованың «XVIII ғ.-ХІХ ғ. басындағы Ресей империясының аймақтық саясатындағы Батыс Қазақстан» монографиясының (орыс тілінде) тұсаукесері өтеді. Сонымен қатар Есет батыр мөлтек ауданында Бопай ханым көшесі ашылады.

Негізі атаулы дата «Ақтөбе облысының мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, жаңғырту мен насихаттаудың 2023-2025 жж. арналған Жол картасы» аясында «Ақтөбе және Орынбор облыстарының шекаралық аумағындағы қазақтардың мемориалды-ғұрыптық халықтық сәулет өнері ескерткіштерін зерттеу (ХІХ ғ. – ХХ ғ. басы)» ғылыми жобасы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарымен тұспа тұс келіп тұр. Зерттеулер жүргізу барысында Орынбор облысында жерленген Бопай ханымның зиратынан алынған топырақ 12 қазанда Әйтеке би ауданындағы Хан моласы мемориалдық кешенінде баба рухына тағзым етіліп, Әбілқайыр хан моласына қойылады. Сонымен бірге ас беріліп, кешенге экскурсия жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 3 қараша күні М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы және «Жалын» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен Мағжан Жұмабайұлының 130 жылдығына арналған «Тарих тағылымы» атты зияткерлік олимпиадасы өтті. Олимпиадаға еліміздің жоғары оқу орындарынан жиырма команда қатысты. Білім бәйгесі 4 кезеңнен тұрды. 1-кезеңде тарих пәнінен тест тапсырмалары беріліп, 2-кезең «ХХ-ХІХ ғасырлардағы тарихи тұлғалар, кино картиналар, қалалар» деп аталды. 3-кезеңде тарихи романдар талданса, 4-кезең М.Жұмабайұлының еңбектеріне арналды.
Финалға бес топ өтіп, соның ішінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірік университеті Тарих факультетінің 1-курс студенттерінің (Зинор Хамида, Сембаев Досымжан және Нұралы Нұрсұлтан) «Самұрық» тобы жеңіске жетті.
«Самұрық» тобын жеңістерімен құттықтап, болашақта да алар асуларының көп болатындығына сенім білдіреміз!

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің конференц -залында облыс әкімінің орынбасары Б.Елеусінованың төрағалығымен «Ақтөбе өңіріндегі кеңестік қуғын-сүргін: тың деректер және зерттеу нәтижелері» тақырыбындағы ғылыми конференция өтті. 2020 жылы 24 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» құру туралы Жарлығына сәйкес өңірлерде өңірлік комиссияның жұмыс топтары құрылған болатын. Комиссияның міндеті – кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санаттарына қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру болды. Бүгінгі конференция барысында өңірлік комиссиялардың үш жыл бойы атқарған зерттеу жұмыстары қорытындыланды.

Конференцияға өңірлік комиссияның жұмыс тобының мүшелері, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан ғалымдар, тарихшылар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция жұмысында: Ақтөбе өңіріндегі кеңестік қуғын-сүргін құрбандары туралы тың деректер және зерттеу нәтижелері, Ақтөбе өңіріндегі босқыншылдық: себептері, барысы, салдары (ХХ ғ.30-шы жылдары), 1929-1932 жылдардағы Батыс өңірдегі халық қозғалыстары, 1931-1933 жылдардағы аштықтың себептері мен салдары, Алашорданың Батыс бөлімшесінің мүшелерінің қуғын-сүргінге ұщырауы, Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған босқындар, XX ғ. 20-30 жылдарындағы діни тұлғалардың қудалануы, Түркістан легионындағы қазақстандық тұтқындар тақырыптары бойынша тың деректер берілді.
Сонымен қатар өңірлік комиссия мүшелерінің ғылыми зерттеулері нәтижесінде баспадан шығарылған үш архивтік құжаттар жинағы мен екі монографияның тұсаукесері өтті. Т.ғ.к. Д.Қ. Абеновтың «Ақтөбе өңірінде байлардың, кулактардың, орта шаруалардың қудалануы» атты архивтік құжаттар жинағы, Т.ғ.д. Ұ.Ш. Исмағұловтың «Ақтөбе өңіріндегі шаруашылық-саяси науқандар» архивтік құжаттар жинағы, Т.ғ.к. А.Еспенбетова, Ж.Ғанибаева, Ж.Бегимбаева, А.Мәден, Д.Саиновтың «Қасіретті жылдар зобалаңы» атты архивтік құжаттар жинағы, Ф.ғ.к. Ү. Сәрсенбиннің «Рухани болмысты күйрету және дін өкілдерін қудалау саясаты» және «Ақтөбе облысына күштеп жер аударылған ұлт өкілдері: тарихы мен тағдыры» атты монографияларының тұсау кесері өтті.

Ғылыми жиын соңында зерттеу жұмысына белсенді атсалысқан ғалымдар ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің, облыс әкімінің және ішкі саясат басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің академиялық саясатының негізгі нысандарының бірі – жоғары білімі бар мамандарды даярлау сапасын арттыру болып табылады және осы негізде біліктілікке қойылатын талаптардың өзектілігі үнемі арта түсуде.

Осы талаптарға сәйкестікті және кафедра қызмет көрсететін білім беру бағдарламаларында сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында Тарих және дінтану кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы өздерінің бұрынғы алған кәсіби білімдерін, біліктіліктерін тереңдету және жетілдіру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында онлайн режимінде 72 академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Біліктілікті арттыру курсының мазмұнында тарих ғылымының салалары мен ББ мазмұнындағы жеке пәндерді жаңаша көзқарас негізінде оқыту және кафедра ПОҚ пәндік құзіреттіліктері есепке алынып, екі оқу модулі қамтылды: «Қазақстан тарихы мазмұнындағы өзгерістер мен басымдықтар» және «Әлем тарихының іргелі мәселелеріне жаңаша көзқарас».

Біліктілікті арттыру курсы бағдарламасын толық аяқтаған кафедраның 20 оқытушысына Сертификат  (72 академиялық сағат) тағайындалды.

Біліктілікті арттыру университет бюджеті есебінен жүзеге асырылды.

Тарих және дітану кафедрасының ұжымы кәсіптік қызметті жаңа жағдайға бейімдеуге мүмкіндік жасаған университет басшылығына ризашылығын білдіреді.

Тарих және дінтану кафедрасының докторанты Есетов Нұрлан Есетұлын үстіміздегі жылдың 20 наурызында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «8D022-Гуманитарлық ғылымдар» бағытында мамандар дайындайтын​ диссертациялық кеңесінде «8D020300-Тарих» ББ бойынша «Қазақстандағы жер мәселесі (1870-1940 жж.): тарихи-салыстырмалы талдау» тақырыбында философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз.​ Ғылыми кеңесшісі Тарих және дінтану кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Исмағұлов Ұзақбай Шәукерұлы, шетелдік​ кеңесші т.ғ.к., доцент А.И. Кортунов (Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті).

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті базасында 2024 жылдың 4-5 сәуір аралығында 6В01601-Тарих білім бағдарламасы бойынша өткен студенттердің дәстүрлі XV Республикалық пәндік студенттік олимпиадасында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 6В01601-Тарих білім бағдарламасы білім алушыларынан құралған «Шамшырақ» командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Команда жетекшілері: тарих магистрі, аға оқытушы Г.Б.Айдарова, т.ғ.к., аға оқытушы Н.С.Аликулова, команда құрамы: С.Ж.Жұмақұлов, Э.К.Артикбаев, Қ.Қиылбайұлы, Б.Ж.Хамзаны жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
«Шамшырақ» командасының жетекшісі Қиылбайұлы Қанатты үздік білімі мен белсенділігі үшін ие болған «Үздік көшбасшы» номинациясымен құттықтаймыз!
6В01601-Тарих білім алушыларына қолдау танытқан университетіміздің ректоры Л.Ч.Карабасоваға алғысымыз шексіз.
XV Республикалық пәндік студенттік олимпиаданы жоғары деңгейде ұйымдастырған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті басшылығы мен ұжымына алғыс білдіреміз.

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІНДЕГІ ҒЫЛЫМ АЙЫНЫҢ СӘТТІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ!
30.04.2024ж. университеттің Ғылыми кеңесінде Ғылым айының қорытындысы шығарылды.
📚🏆 Ғылым айы аясында ұйымдастырылған “Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жыл үздігі” байқауында белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткен үшін Тарих факультеті АЛҒЫС ХАТПЕН табысталды!
🏆📚 Жоғары білім және ғылым министрі С.Нұрбек “Тарих және дінтану” кафедрасының оқытушыларын марапаттады:
🏆📚 Бегімбаева Жібек Сағынбайқызы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасының жоғары білімі мен ғылымының дамуына елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолындағы адал еңбегі мен адал қызметі үшін ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды!
🏆📚 Руслан Табрисұлы Насыров, тарих магистрі, тарих факультетіндегі ғылыми жұмыстарға жауапты, Қазақстан Республикасының жоғары білімі мен ғылымын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін, өркендеу жолындағы еңбегі мен адал қызметі үшін АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды!
Құттықтаймыз! Жаңа шығармашылық табыс тілейміз! 💐💐💐

“ОРЫНБОР ӨЛКЕСІ МЕН ОРАЛ ӨҢІРІНІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫ” РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ АЛТЫНШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНДАҒЫ ЖЕҢІС

2024 жылғы 17 сәуірде Орынбор қаласында Он екінші БОЛЬШАКОВ ОҚУЛАРЫН өткізу аясында Ресей мен Қазақстанның “Орынбор өлкесі мен Орал өңірінің тарихи-мәдени мұрасы” атты Алтыншы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ жас ғалымдар байқауының қорытындысы шығарылды.
Қ. Жұбанов атындағы АӨУ тарих факультетінің 2 курс магистранттары Сәрсенов Шәкидулла Алтынбекұлы, Әжібаева Аружан Бекбаулықызы “ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында қуғын-сүргінге ұшырағандардың әлеуметтік портреті” тақырыбындағы ғылыми жобасымен тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жібек Сағынбайқызы Бегімбаеваның ғылыми жетекшілігімен 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры С.А.Алешина және ОМПУ Ресей тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, С.В.Любичанковский біздің магистранттарға жылы лебіздерін білдіріп, ғылыми жетекшінің қызметін жоғары бағалады.

CESS конференциясы
2024 жылдың аралығында 6-9 маусым аралығында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 2 курс докторанты Кумыспаев Самат (8D02201 – «Тарих» білім беру бағдарламасы) Алматы қаласында өткен Орталық Еуразиязиялық зерттеулер қауымдастығының (Central Eurasian Studies Society/CESS) Халықаралық конференциясына қатысты. 2000 жылдан бастап CESS конференциялары Солтүстік Америка университеттерінде және Орталық Азия университеттерінде аймақтық форматта өткізіліп келеді. Бұл Орталық Еуразияның өткені мен бүгінінің мәселелерімен айналысатын бүкіл әлем ғалымдары мамандары үшін қарым-қатынас пен пікір алмасу алаңына айналды. Кумыспаев Самат аталған конференцияда «Қазақстандағы отарсыздану процесстері жағдайындағы саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алуы туралы ой-толғау» баяндама жасады.

2 мамыр мен 5 маусым аралығында PhD докторант Шалманова А.Б. Еуразиялық зерттеулер департаментінің бастығы, доцент, PhD докторы Ішік Құсшы Бонненфанттың (Işik Kuşçu Bonnenfant) жетекшілігімен Түркияның жетекші университеттерінің бірі – Таяу Шығыс техникалық университетінде (Анкара қ.) ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдамадан өту барысында докторант диссертация тақырыбы бойынша материалдармен және тиісті әдебиеттермен танысу мақсатында қорында 520 000-нан астам кітабы бар, 75 742 электронды журналдарға, 587 493 дана электронды кітаптарға және 163 электронды анықтамалық көздерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін университет кітапханасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Докторант оқу үдерісімен, оқу және зерттеу әдістерімен танысу үшін І.Құсшы Бонненфанттың, сондай-ақ Хазар Эге Гүрсой Эрденердің дәрістері мен семинарларына қатысты. Шетелдік ғылыми кеңесшімен жүргізілген бірлескен жұмыс мақаланың қолжазбасын Web of Science және Scopus халықаралық дәйексөз деректер базасында индекстелетін ғылыми журналда жариялау үшін дайындауға ықпал етті. А.Б. Шалманованың шетелдік ғылыми тағылымдамасының нәтижесінде оның табысты аяқталғаны туралы сертификат берілді.

Бүгін Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Тарих факультетінің Phd докторанты Мамбетова Гүлдана Абайқызының «Дін және кеңестік саясат: дін өкілдерінің қуғындалуы (XXғ.20-50жж)» атты диссертациялық жұмысы талқылаудан өтті. Докторант диссертациялық жұмыстың мақсат-міндеттері,  жоспарымен таныстырып, негізгі бөлімдер бойынша сипаттама берді. Сонымен қатар кафедра оқытушыларының сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, ҚР БҒМ БҒСБК бекіткен басылымдарда жарық көрген мақалалары мен халықаралық конференция жинақтарында жарияланған материалдары талқыланды.

27.05.-26.06 аралығында PhD докторант Нұрланқызы Гауһаршахназ, РФ, Орынбор Мемлекеттік педагогикалық университеті, «Ресей тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор профессоры С.В. Любичанковскийдің жетекшілігімен шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында докторант диссертация тақырыбына сай тарих материалдарымен және мұрағат, мұражай қорларымен танысып, ғылыми-жұмыстар жүргізуге мүмкіндік алды.

Докторант диссертация тақырыбына сай ғылыми зерттеу жұмыстарын «Орынбор облысының Біріккен мемлекеттік мұрағаты» және Н.К. Крупской атындағы ғылыми кітапханада өткізді.

Докторант шетелдік ғылыми кеңесші С.В. Любичанковскиймен бірлесіп диссертация құрылымдарына жұмыс жүргізіп, керекті мәліметтер барысын талдады. Тақырып аясында жетекшімен бірлескен жұмыс, 2 ғылыми мақаланың қолжазбасының жазылып, БҒСБК білім және ғылым министрлігі ұсынған Қазақстанның ғылыми журналдарына, WoS, Scopus халықаралық дәйексөз деректер базасына жарияланымға жіберілуіне ықпал етті. Г.Нұрланқызының «Ресей тарихы» кафедрасынан өткен шетелдік ғылыми тағылымдамасының нәтижесінде оның табысты аяқталуымен сертификат берілді.

Бүгін Қ. Жұбанов Ақтөбе өңірлік университетінің Б. Сүлейменов атындағы оқу ғимаратында «Тарих және дінтану» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Избасарова Гульбану Болатқызы университет кітапханасының қорына «Средневековая история Казахстана» атты оқулығын (Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы республикалық оқу-әдістемелік кеңестің ОӘБ грифімен баспаға ұсынылды (14.04.2023 ж. хаттама №4), «Казахские Чингизиды на службе Российской империи» атты оқу құралын (Қ. Жұбанов ат. АӨУ-нің Ғылыми Кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды (27.10.2023 ж. хаттама №3), «Западный Казахстан в региональной политике Российской империи» атты монографиясын (Қ. Жұбанов ат. АӨУ-нің Ғылыми Кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған (28.10.2022 ж. хаттама №3), сонымен қатар жеке кітапханасынан Мәшhүр Жүсіп Көпеев шығармаларының 10 томдық жинағы мен Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбектерін сыйға тартты.

Ғалымның «Казахские Чингизиды на службе Российской империи» атты оқу құралы және «Западный Казахстан в региональной политике Российской империи» атты монографиясы ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің «XVIII – XX ғғ. басындағы Ұлы Даланың тарихи тұлғалары (Батыс Қазақстан материалдары негізінде)» (ГФ №АР09259029; 2021-2023 жж.) тақырыбындағы гранттық қаржыландыру жобасы аясында жарық көрген болатын. Бұл еңбектерде Әбілқайыр хан және оның ұрпақтарының тарихы, Ұлы Даланың басқа да тарихи тұлғалары, қазақ-орыс байланыстары аясындағы «Аманат», «Пристав» институттары туралы баяндалады.

«Средневековая история Казахстана» атты оқулығы 6В01601-Тарих, 602201-Тарих, 601603-Тарих Қоғамтану білім бағдарламалары студенттеріне арналған. Кітапхана қорына сыйға берілген еңбектер студенттерге, магистранттарға, докторанттар мен оқытушыларға оқу процесінде пайдалы болады деп сенеміз.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы